banner

Конкурстық іріктеу нәтижелері

  • /
  • Архив /
  • «Өркен» гранттарын қайта бөлу

«Өркен» гранттарын қайта бөлу

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 14 тамыздағы №255 бұйрығымен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлері бекітілді (бұдан әрі – Қағида).


Қағиданың 13-тармағына сәйкес бос орын болған жағдайда және осы мектеп бойынша резервтік тізім болмаған жағдайда жұмыс органы жалпы резервтік тізімге сәйкес басқа мектептер арасында гранттарды қайта бөлу туралы шешім қабылдайды.


2023-2024 оқу жылында Зияткерлік мектептерде білім алу үшін республикалық бюджеттен 2 664 грант бөлінді. Бүгінгі таңда Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында білім алу үшін 2 648 үміткерге грант тағайындалды және 20 Зияткерлік мектепте оқуға үміткерлердің резервтік тізімдері бекітілді.


Петропавл қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде үміткерлердің резервтік тізімі жоқ және «Өркен» грантын тағайындау үшін 16 ваканттық орын бар.


2023 жылғы 17-тамыздағы (№39 хаттама) және 5-қыркүйектегі (№43 хаттама) енгізілген өзгерістергді ескере отырып Басқарма шешімімен бекітілген жалпы резервтік тізімдегі кешенді тестілеу нәтижесінде ең жоғары жалпы балл жинаған алғашқы 16 үміткерлер келесі Зияткерлік мектептерде оқу үшін конкурсқа қатысқандар:


- Астана қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне 13 үміткер;


- Алматы қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне 3 үміткер.



Осылайша Петропавл қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне 2023-2024 оқу жылына бөлінген 16 грант келесі Назарбаев Зияткерлік мектептеріне бөлінді:



Зияткерлік мектептер

Гранттар саны

Барлық гранттар

1

Астана қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебі

13

157

2

Алматы қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

3

147