
Alumni NIS
- /
- Жаңалықтар /
- NIS үздік түлектері туралы жаңа бөлім іске қосылды
NIS үздік түлектері туралы жаңа бөлім іске қосылды

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің ресми сайтында жаңа «Үздік түлектер» бөлімі іске қосылғанын қуана хабарлаймыз.
Бұл бөлім ғылым, білім, технология, өнер мен кәсіпкерлік салаларында ерекше жетістікке жеткен түлектерге арналған. Олардың қатарында Forbes 30 under 30 тізіміне енгендер, әлемдік компанияларда жұмыс істейтін инженерлер мен ғалымдар, сондай-ақ әлеуметтік жобаларды бастаған көшбасшылар бар.
Бөлімнің басты мақсаты — түлектердің жетістіктерін көрсету арқылы қазіргі оқушылар мен жас түлектерге шабыт беру.