BeyimTech

Біз туралы

"BeyimTech" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі - BeyimTech) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектісі мәртебесі бар заңды тұлға болып табылады. 2023 жылғы 20 қазанда "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ Басқармасының шешімімен (№50 хаттама) құрылды.

Beyimtech қызметінің негізгі мақсаты пайдаланушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын, белгілі бір тапсырмаларды орындайтын ақпараттық жүйелерді, бағдарламаларды, сервистерді, өнімдерді құру болып табылады.

Миссия

Оқушылардың білім беру қызметінің сапасын арттыруға және олардың жан-жақты дамуына ықпал ететін интеграцияланған білім беру экожүйесін құру арқылы Қазақстанда және одан тыс аймақта озық цифрлық білім беру кеңістігін қалыптастыру.

Қызметтің негізгі бағыттары:

1. Бағдарламалық қамтамасыз етуді, ақпараттық жүйелерді, IT-технологияларды, сервистер мен өнімдерді әзірлеу.

2. Бағдарламалық қамтамасыз етуді, ақпараттық жүйелерді, IT-технологияларды, сервистер мен өнімдерді ұйымдастырылған түрде, кезең-кезеңмен енгізу.

3. IT-технологиялар саласында тренингтер, семинарлар, конференциялар ұйымдастыру және өткізу.

4. Халықаралық форумдарға, конференцияларға қатысу, бағдарламалық қамтамасыз етуді, ақпараттық жүйелерді, IT-технологияларды, сервистер мен өнімдерді ұсыну.

5. Бағдарламалық қамтамасыз етуді, ақпараттық жүйелерді, IT-технологияларды, сервистер мен өнімдерді әзірлеу, бейімдеу және енгізу саласындағы халықаралық ынтымақтастық.

6. Интернет және ақпараттық технологиялар саласында жаңа технологияларды, бағдарламалық өнімдерді құруды ұйымдастыру және қолдау.

7. Серіктестіктің мақсатына жетуге бағытталған ғылыми-әдістемелік, консультациялық, сараптамалық және басқа да жұмыстарды жүргізу.

Мекен жайы: Астана қ., Хусейн бен Талал көш., 21/1 үй

Телефон: +77780427012

E-mail: beyim@nis.edu.kz

Веб-сайт: www.beyim.ai

Instagram: @beyim.ai, @beyimsynaq