Новости

ЮНЕСКО Зияткерлік мектептерге «WENHUI» 2019 сыйақысын табыстады


Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында Зияткерлік мектептерге ерекше сый жасалды. Халықаралық ЮНЕСКО ұйымының Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстанның Алматыдағы кластерлік бюросының білім бөлімінің жетекшісі Лина Бенете пленарлық отырыста «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы Күләш Шамшидиноваға беделді «Wenhui Award 2019» сыйақысының сертификатын табыс етті.

Wenhui Award - университет пен мектеп арасындағы «Білім–2030» жобасын ілгерілету жолындағы серіктестікті дамытуға бағытталған сыйлық. ЮНЕСКО сыйлығы қазақстандық инновациялық мектептерге сапалы білім мен өмір бойы білім алуға ықпалдасатын университеттер мен мектептер арасындағы табысты серіктестік үшін, балалар мен жастарды өмірге, жұмысқа және жаһандық азаматтыққа бейімдеу жолындағы еңбек үшін беріледі.

Айта кетейік, NIS ЮНЕСКО-ның білім саласындағы сыйақысын иеленген Қазақстанның бірінші өкілі болып отыр.

 

 

 



Просмотров: 329
Опубликован: 25 Октября