Біліктілікті арттыру курстар

Семейде Жапония Ұлттық зерттеу орталығының халықаралық эксперті Тошия Чичибу ұстаздар үшін мастер-класстар өткізуде

Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының шақыруымен 2013 жылдың 5 сәуірі мен 31 шілде аралығында Қазақстанға Жапонияның Ұлттық зерттеу орталығының халықаралық эксперті Тошия Чичибу жұмыс сапармен келген болатын.

Шет тілдерді Жалпыеуропалық құзыреттіліктер контекстінде оқыту

2013 жылдың 6-8 мамыр аралығында Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ мен Қазақстандағы Гете атындағы институт бірлесе отырып, «Шет тілдерді Жалпыеуропалық құзыреттіліктер контекстінде оқыту» атты семинар өткізді. Семинардың мақсаты – шет тілдерді Жалпыеуропалық құзыреттіліктер контекстінде оқыту жүйесімен және оны қолдану мүмкіндіктерімен таныстыру.

Зияткерлік мектеп кітапханашылары кәсіби біліктілігін жетілдірді

2013 жылдың 24-26 сәуір аралығында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының бастамасымен Қарағанды қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектеп базасында еліміздің әр аймағынан жиналған Зияткерлік мектеп кітапханашылары үшін «Білім мекемелері кітапханаларындағы перспективалық сандық қосымшалар» атты біліктілік арттыру курсы ұйымдастырылды. Курсты Мәскеу мемлекеттік Мәдениет және өнер университеті электронды кітапхана кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты В.К. Степанов өткізді. Курс теориялық және практикалық түрде өтті.

Педагогикалық шеберлік орталығында мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсы жалғасуда

Бұл күндері Астанадағы Педагогикалық шеберлік орталығында Қазақстанның жалпы білім беретін мектептері мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курсы жалғасуда. Естеріңізге сала кетейік, кезекті саты 2012 жылдың 4 сәуірінде басталған болатын. Кембридж университетімен бірлесе әзірленген арнайы бағдарлама бойынша сабақтар жоғары кәсіби деңгейде өтуде.

Кембридж Университетінің жаттықтырушылары қазақстандық педагогтардың біліктілігін арттыруда

Астаналық журналистер қауымы 28 қаңтар күні олармен танысуға келген еді. Қазақстан баспасөз өкілдерінің назарына алдымен іліккені – сабақтың өткізілу тәсілі болатын. Мұғалімдер әдеттегідей өз орнында – тақта алдында емес, бір сәт оқушыларға айналды. Біліктілікті арттыру курсы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ кең аудиторияларында өткізілді.