Біліктілікті арттыру курстар

«Тест тапсырмаларын дайындау технологиясы бойынша тренерлерді даярлау» тақырыбына педагогиқалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсы өтті

2013 жылғы Қараша айының 18 мен 22 аралығында Көкшетау қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Голландия CITO International компаниясының халықаралық тренер-сарапшылары - Дидерик Шонау, Джессе Коопс, Вил Кнапперс қатысуымен курстың бірінші кезеңі өтті. Үш кезеңнен тұратын курс тыңдаушылары ретінде еліміздегі 15 Назарбаев Зияткерлік мектептерінен 45 мұғалім қатысып, өз біліктілігін көтеруде.

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің математика пәні мұғалімдері біліктілікті арттыру курсынан өтті

2013 жылғы 23-27 қазан аралығында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің математика пәні мұғалімдері біліктілікті арттыру курсынан өтті.

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің мұғалімдері Германияда әлемге белгілі Phywe компанияның базасында өткен курстарына қатысты.

Геттинген қаласында 2013 жылдың 20 - 25 қазан аралығында өткен оқу барысында химия, физика, биология пәндеріне құрал-жабдықтар пайдалану оқу курсы тобын Қарағанды, Шымкент, Қызылорда қалаларының Назарбаев Зияткерлік мектептері мұғалімдері құрды.

Орта білім беру ұйымдарының басшылары Зияткерлік мектептерінде тағылымдама өтуде

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ тәжірибесін тарату аясында 2013 жылы 26 маусымда Қазақстан Республикасының орта білім беру негізгі ұйымдарының 70 басшысын тағылымдаудың жоспарлы жобасы бастау алды.

"21 ғасырда кітапханаларды басқару" Пенсильвания штатының UPENN университетінде өткен курс

2013 жылдың 18-31 мамыр аралығында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ филиалдарының кітапхана мамандары мен Орталық аппарат қызметкерлері «21 ғасырда кітапханаларды басқару: Мектепте кітапхана рөлін көтеру, мектеп кітапханасы ішінде кеңістікті жоспарлау мен дамыту және 21 ғасырдағы кітапхана коллекциясы» атты біліктілікті арттыру курсынан өтті.