Біліктілікті арттыру курстар

PASСO құрылғыларын тиімді пайдалану тренингі өтті

22-26 қазан күндері Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі базасында  америкалық PASСO Scientific Ltd. компаниясы  эксперттерінің қатысуымен «NIS Science Teachers Training» атты тренинг болып өтті. Аталмыш курстың мақсаты Назарбаев Зияткерлік...

«Қалыптастырушы бағалауды тиімді қолдану бойынша тәжірибемен алмасу» тақырыбындағы семинардың өткізілуі

Педагогикалық қызметкерлерге қалыптастырушы бағалауды тиімді қолдану бойынша әдістемелік қолдау көрсету мақсатында 2015 жылдың 27 сәуірінен 4 мамырына дейін Профессор Гордон Стобарттың қатысуымен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Астана қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі», «Қарағанды қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі», «Алматы қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалдарының базасында «Қалыптастырушы бағалауды тиімді қолдану бойынша тәжірибемен алмасу» тақырыбындағы семинар өткізілді.

Toronto District School Board мектебінде сынақ мерзімін өту жұмыстары өткізілді

Үстіміздегі жылдың 24-28 қарашасы аралығында Орал, Атырау, Қызылорда және Тараз қалалары Назарбаев Зияткерлік мектептерінің әкімшілік және мұғалімдері ұжымы Канада мемлекетінің Toronto District School Board мектептерінде серіктестік бағытта жұмыстанып қайтты.

Ұлыбританияның Кембридж қаласындағы Bell халықаралық тіл үйрету мектебі өткізген жеделдетілген ағылшын тілі курсының ұйымдастырылуы

2013 жылдың 25 қараша мен 6 желтоқсан аралығында Ұлыбританияның Кембридж қаласындағы Bell халықаралық тіл үйрету мектебінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Орал, Тараз және Павлодар қалаларындағы филиалдарының пән мұғалімдерінің біліктілігін арттыру мақсатында өткізетін жеделдетілген ағылшын тілі курсы ұйымдастырылды.

«Мектептегі басқару және көшбасшылық» тақырыбында біліктілікті көтеру курстары өтті.

11 - 23 қараша аралығында «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ филиалдарының басшы қызметкерлеріне арналған тағылымдамалар бағдарламасы шеңберінде Сассекс Университетінің (Ұлыбритания) базасында «Мектептегі басқару және көшбасшылық» тақырыбында біліктілікті көтеру курстары өтті.