Біліктілікті арттыру курстар

«TRIPLE SCIENCE» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы

Қарашаның 14-25 аралығында Назарбаев Зияткерлік мектептері педагогикалық қызметкерлерін TRIPLE SCIENCE әдістерін физика, химия, биология пәндерін оқытуда қолдану, пәндік білімдерін жақсарту және де тәжірибе алмасу мақсатында Ақтау, Алматы, Қостанай және Петропавл қалаларынан 15 мұғалім Лондон қаласындағы Docetis International Ltd.білім беру орталығы базасында білім жетілдіру курсынан өтті.

«Ұлыбритания мектептеріндегі ықтималдықтар теориясы бойынша тәжірибе» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің он бес математика пәні мұғалімдері ықтималдықтар теориясының қағидаларын оқытуда пән мен тілді кіріктірудің негізгі теорияларын жүзеге асыру үшін адами ресурстарды басқару департаменті «Ұлыбритания мектептеріндегі ықтималдықтар теориясы бойынша тәжірибе» тақырыбында біліктілікті арттыру курсын ұйымдастырды. Бұл курс 2016 жылдың 14 қарашасы мен 25 қарашасы аралығында Ұлыбританияның Лондон қаласында Docetis International Ltd. білім беру орталығында өтті. Сонымен қатар, мұғалімдер ұлыбританиялық әріптестермен тәжірибе алмасты.

"DELTA" тақырыбында біліктілікті арттыру курсы

Назарбаев Зияткерлік мектептері педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, сонымен қатар шет тілі ретінде ағылшын тілін оқытудың жаңашыл принциптерін игеру, оқыту дағдылары мен білімді бағалау, ағылшын тілін оқытудың жаңа әдістерін педагогикалық практикада қолдану мақсатында адам ресурстарын басқару Департаменті біліктілікті арттыру курсын ұйымдастырды, нәтижесінде Назарбаев Зияткерлік мектебінің екі мұғалімі DELTA Дипломының иегерлері атанды.

STEM+Robotics (робототехника) және STEM+Computer Science (информатика) бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсы

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының  Халықаралық ақпараттық технологиялар университетімен ынтымақтастық шеңберінде Зияткерлік мектептер мұғалімдеріне арналған STEM+Robotics (робототехника) және STEM+Computer Science (информатика) бағдарламасы бойынша...

Біліктілікті арттыру курсы «Эмоционалды интеллект. Дарынды балаларды сүйемелдеу»

Зияткерлік мектептерінің оқушыларын сүйемелдеу жүйесінің бағыттары мен тәсілдерін анықтау үшін 2016 жылдың 31 мамырынан 2 маусымына дейін Астана қаласында педагог-психологтар мен тәрбие жұмысы бойынша директор орынбасарларының қатысуымен біліктілікті арттыру...