Біліктілікті арттыру курстар

"CELTA" біліктілікті арттыру курсы


             Назарбаев Зияткерлік мектептері педагог қызметкерлерінің біліктілігін көтеру, сондай-ақ шет тілі ретінде ағылшын тілін оқытудың алдыңғы қатарлы оқыту техникалары мен әдістемелік тәсілдерін игеру мақсатында адами ресурстарды басқару департаменті біліктілік арттыру курсын өткізді. Нәтижесінде Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері  СELTA сертификатына ие болды (Certificate in English Language Teaching to Adults).

             Оқу 2015 жылдың 1-26 маусым аралығында Оксфорд қаласында өтті (Великобритания). Бұл курсқа «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның Орал, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар, Талдықорған қалаларындағы филиалдарының  IELTS балы айтарлықтай жоғары (7,5-8,0) 5 педагог қызметкері қатысты. 

             Коммуникативтік әдістеменің басты ерекшелігі – «делдал тілдің» жоқ болуы (оқытушы сабақта студенттің туған тілін қолданбайды). 1970 жылы Кембридж Университетінің Емтихан Кеңесімен (Cambridge ESOL - English for Speakers of Other Languages) дайындалған  CELTA квалификациясы қазіргі таңда әлем бойынша ағылшын тілін шет тілі ретінде оқыту квалификациясының ең көп тараған және мойындалған түрі.

             Курс аяқталған соң CELTA  сертификатын иемденген мұғалімдердің мынадай артықшылары болады:

- оқыту тәжірибесінде өзінің білімін ағылшын тілінде тиімді қолданады;

- CELTA әдістемелік базасында практикалық тапсырмаларды дайындап, құрастырады;  

- оқытудың коммуникативтік әдістемесі бойынша дағдыларды дамытады;

- оқушының ағымдағы қажеттіліктерін ескеріп, оқытудың болжамдарын, жалпы білімді есепке ала отырып, сабақтарды жоспарлайды, өткізеді, бағалайды;

- оқытудың сәйкес стартегияларын және тілдік білімді ұсынады;

- тілдік дағдылар білімін ұсынады және оны қалай алуға болатынын көрсетеді;

- сабақтарды оқушылардың жалпы тілдік құзыретін дамытуға бағыттап жоспарлайды және өткізеді; 

- деңгейге сәйкес оқу дағдыларының сәйкес диапазонын және кәсіби санасын және жауапкершігін көрсетеді.


Қаралым: 1734
Жарияланған: 20 Желтоқсан