Сәуірдің 24 күні «Назарбаев Зияткерлік мектептері» филиалдарының 10-сынып оқушылары арасында «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы тарапынан берілген білім алу гранттары бойынша өткізілген байқауының қорытынды кезеңі аяқталды. Жоба аясында байқау жеңімпаздары 2016-2017 және 2017-2018 оқу жылдары аралығында 11-12 сыныпта оқуын Сингапурдағы Оңтүстік-Шығыс Азия Бірлескен Дүниежүзілік колледжіне (UWCSEA) жалғастырады.