Ғылыми жобалар

Сыртқы факторлардың әсерінен жұмыс iстейтiн машинаның моделі

Жоба авторы: Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Тлеубердин Сакен Жоба жетекшісі: Алтынбеков Аян Серікұлы

VII республикалық «Зерде» конкурсы

2012 жылдың 23-25 каңтар аралығында «Балдәурен» лагерінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, қосымша білім берудің республикалық оқу-әдістемелік орталығы мен «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалардың VII республикалық «Зерде» конкурсы болып өтті. Ұйымдастырушылар аталмыш конкурсты өткізуді дәстүрге айналдырған. Байтақ еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жас зерттеушілер өз зерттеу жұмыстарын ұсынды. Конкурсқа 1-7 сынып аралығындағы оқушылар қатысты.