Орындаған: Дәулет Айтмаханов, Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі.
Жетекшісі: физика пәнінің мұғалімі А. Жамиева
Суды жеткізуді жеңілдету проблемаларды шешу және адамдардың жұмысын жеңілдету үшін жаңа идеялар көрсету.
Осы конструкция маңыздылығы, насостармен белгілі тереңдіктен суды сорып шығару. Әсіресе жаз мезгілінде, бақша, бақтарда өсімдіктерді мезгілімен суарып отыру үшін көп мөлшерде су қажет болады. Осы жұмыста суды сорып шығарудың бір тәсілі центрден тартқыш насосты пайдаланудың макетін ұсынып отырмын. Энергияны үнемдеу мақсатында, энергия көзі ретінде желдің, ағынды судың, тіпті, күннің де энергиясын пайдалануға болады екендігін көрсету.
Жаз мезгілінде, бақша, бақтарда өсімдіктерді мезгілімен суарып отыру үшін көп мөлшерде су қажет болады. Осы жұмыста суды тартып шығарудың бір тәсілі центрден тартқыш насосты пайдалануың ұсыну.
Центрден тартқыш насос желдің және күннің энергиясы арқылы жұмыс істеп, суды жеткізуді жеңілдету проблемаларын және суды сорып шығаруың көрсетеді.