Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 «А» сынып оқушысы Ибрагим Советбеков жаратылыстану-математика пәндері бойынша VIII Президенттік олимпиадасының жеңімпазы атанды! Қорытынды бойынша ол III дәрежелі дипломмен және қола медальмен марапатталды.
Президенттік олимпиаданың екі кезеңі 23-26 қараша күндері Теміртау қаласында өтті. Бірінші кезеңде математика және химия пәндерінен болса, екіншісі кезенде физика және биология пәндерінен тапсырмалар болды. Ибрагим Советбеков оларды сәтті орындап, III орынды иеленді. Оған дейін онлайн іріктеу кезеңінен өткен, Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 160 оқушылар айтулы олимпиадаға қатысты.
Дарынды баланың портфолиосы дипломдарға, мақатау қағаздарға және сертификаттарға толы. 2012 жылы Будапешт қаласында (Венгрия) өткен «Шексіз математика» және «Ұлы математиктер жолымен» халықаралық олимпиадаларда ол II и III орын иеленді. 2013 жылы Мәскеу қаласында (Ресей) «Ақпараттық технологиялар» X Халықаралық олимпиадада жүлделі орын алды. 2014 жылы, ол Семей қаласында ғылыми жобаның I республикалық байқауының лауреаты атанды. 2015 жылы Тараз қаласында «Жас Дарын» ғылыми жобалар республикалық байқауынада тағы бір мәртте жеңімпаз болып, II орынды иеленді.
Өткен оқу жылында оқушы 3D-графикасын және мектептің 3D принтер жұмысын игерді. Ол үшін мектеп әкімішілігі Ибрагимге ДББҰ «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ұйымдастырған Сан-Франциско қаласына (Калифорния, АҚШ) «Ойлау дизайны» курсына жолдама берді. Бұл оның инженер-құрастырушы болу арманын нығайтты. Болашақ түлек Назарбаев Университетіне түсіп, оны аяқтағаннан кейін Стэнфорд университетінің магистратурасында білім алуды жоспарлап отыр.
Ибрагим Советбеков 2010 жылы Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ашылу алдында тестік сынақтан сәтті өтіп, алғашқы үштігінде болды. Облыстық орталықтан шалғай орналасқан Абай аудандының Көкбай ауылында туған Ибрагимге өзінің зияткерлік қабілеттерін дамытуға жылдар бойы алған білімі көп септігін тигізді.
Роза Құмарғажина, Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы