2012 жылдың 27 қаңтарында Астаналық физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 236 қатысушы республикалық олимпиаданың үшінші кезеңіне қатысуға келіп жетті. Олардың ішінде Астана, Талдықорған, Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларының Назарбаев Зияткерлік мектептерінің өкілдері. Зияткерлік сайысты «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма Төрайымынң орынбасары Руслан Жәменков ашты. Ол жас қатысушыларды ғылыми жарыстың басталуымен құттықтап, оларға сәттілік тіледі. Республикалық олимпиада 15 пән бойынша өтеді. Қазылар алқасына Назарбаев Зияткерлік мектептерінің үздік педагог-жаттықтырушылары тағайындалып отыр. Жарыстың бірегейлігі сонда, мұндай олимпиада Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушыларының арасында бірінші рет өткізіліп отыр.
Бұған дейін олимпиада жеңімпаздары облыстық және қалалық құрамаға енетін. Олар басқа жалпы білім беретін мектеп оқушыларымен қатар бірнеше кезеңнен өтетін. Білім беру саясаты мен бағдарламалар департаменті бастығының орынбасары Балқан Қасимовтың атап өткеніндей, аталған пәндік олимпиаданың жеңімпаздары автоматты түрде мемлекеттік деңгейдегі зияткерлік жарыстардың басты кезеңіне қатысу құқығына ие болады. Оқушылардың Қазақстанның жетекші ғылыми жарыстарына түбегейлі дайындалуына зор мүмкіндіқ туады. Жарыстың алғашқы күні аймақтық зияткерлік мектептерден келген оқушылар үшін қала бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Балалар Астананың көрікті жерлерін тамашалай отырып, 28 қаңтар күнгі астаналық мектепте болатын олимпиаданың екінші кезеңіне тың күш-жігермен дайындыққа кірісті.