Конкурстық іріктеу қорытындылары

«Өркен» білім грантын тағайындау нәтижелері, Түркістан қ. Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8-9 сыныптары


2021 жылы 26 шілдесінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде ҚР Білім және ғылым министрі Аймағамбетов Асхат Қанатұлының төрағалығымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы «Өркен» білім гранттарын тағайындау жөніндегі Республикалық комиссияның отырысы өтті.

Республикалық комиссия отырысында Түркістан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2021-2022 оқу жылында қазақ және орыс тілдеріндегі 8-9 сыныптарынан бастап білім алуға іріктеу конкурсының қорытындысы шығарылды.

2086 үміткер «Өркен» білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысты. Өткізілген кешенді тестілеу нәтижелері бойынша 239 үміткер «Өркен» білім беру грантын тағайындау бойынша Республикалық комиссияның қарауына жіберілді.

Республикалық комиссия отырысының нәтижесінде 2021-2022 оқу жылынан бастап Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 8-9 сыныптарында білім алу үшін 168 үміткер «Өркен» білім беру грантының иегері атанды. 71 үміткер 2022 жылдың 25 мамырына дейін жарамды болатын резервтік тізімге енгізілді.


Қаралым: 567
Жарияланған: 27 Шілде