Конкурстық іріктеу қорытындылары

«Өркен» білім беру грантын тағайындау нәтижелері, 20 Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптары


2021 жылдың 26 шілдесінде Министр Аймағамбетов Асхат Қанатұлының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің-Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өткізілді.

Республикалық комиссия отырысында Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Көкшетау, Қостанай, Семей, Талдықорған, Тараз, Орал, Шымкент ққ. физика-математикалық бағыттағы және Ақтау, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Өскемен, Шымкент ққ. химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің, Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 2021-2022 оқу жылында қазақ және орыс тілдеріндегі 7 сыныптарынан бастап білім алуға іріктеу конкурсының қорытындысы шығарылды.

17 664 үміткер «Өркен» білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысты. Өткізілген кешенді тестілеу нәтижелері бойынша 8 423 үміткер «Өркен» білім беру грантын тағайындау бойынша Республикалық комиссияның қарауына жіберілді.

Республикалық комиссия отырысының нәтижесінде 2021-2022 оқу жылынан бастап Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7 сыныптарында білім алу үшін 2 784 үміткер «Өркен» білім беру грантының иегері атанды. 5 639 үміткер 2022 жылдың 25 мамырына дейін жарамды болатын резервтік тізімге енгізілді.

1. Үміткердің жеке нәтижелерін көру үшін https://res.nis.edu.kz сайтында «Менің нәтижелерім» батырмасына басып, тестіленушінің сәйкестендіру коды (ТСК) мен жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) енгізу қажет. 

 Жеке нәтижелерді көру

 

2. Барлық үміткерлердің нәтижелерін көру үшін https://res.nis.edu.kz сайтында оқу жылын, түсу мектебі мен оқыту тілін және Республикалық комиссияның хаттамасын таңдау қажет. Үміткерлердің нәтижелері ТСК және шифрленген ЖСН арқылы беріледі.

Тізімнің бірінші бөлігінде Республикалық комиссия шешімімен «Өркен» білім беру гранты тағайындалған үміткерлердің тізімі көрсетілген.

Тізімнің екініші бөлігінде Республикалық комиссия шешімімен резервке енгізілген үміткерлердің тізімі берілген.


Қаралым: 1481
Жарияланған: 27 Шілде