Конкурстық іріктеу қорытындылары

2021-2022 оқу жылында Туркестан қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-сыныптарына оқуға түсу үшін оқушыларды конкурстық іріктеу нәтижелері


 Құрметті үміткерлер мен ата-аналар!

 2021 жылғы 17-18 мамыр аралығында өткізілген Туркестан қаласының химия-биология бағытындығы Назарбаев Зияткерлік мектептебінің 7-сыныптарына оқуға түсу үшін оқушыларды конкурстық іріктеудің кешенді тестілеуі нәтижелерімен осы жерде танысуыңызға болады.

Кешенді тестілеу құрылымы:

1-күн. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді зерделеу қабілеттерін бағалау тесті.

1.         «Математика» бөлімі – 400 б.;

2.         «Сандық сипаттамалар» бөлімі  – 300 б.

2-күн. Тілдік тест.

1.         Қазақ тілі – 200 б.;

2.         Орыс тілі  – 200 б.;

3.         Ағылшын тілі  – 200 б.

Кешенді тестілеу нәтижелері Нидерландыдағы Педагогикалық өлшеулер институтында (Cito) талданады. Оқушылардың жауаптары арнайы бағдарламалық жасақтаманы пайдаланып, статистикалық және психометриялық талдау арқылы өңделеді. Бұл тәсіл барлық халықаралық зерттеулерде қолданылады. Ол тестілеу нәтижелерін объективті және әділ бағалауды қамтамасыз ететіндіктен, апелляция өткізілмейді.

Кешенді тестілеу қорытындысы бойынша:

-       «Математика» бөлімі бойынша ықтимал ең жоғары балдың 35%-ын және одан жоғары (140 және одан да көп балл);

-       «Сандық сипаттамалар» бөлімі бойынша ықтимал ең жоғары балдың 40%-ын және одан жоғары (120 және одан да көп балл)

жинаған үміткерлердің материалдары;«Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі Республикалық комиссия қарауына жіберіледі..

«Ескерту» бағанындағы «жіберілді», «жіберілмеді» сөздері үміткердің «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі Республикалық комиссия қарауына жіберілу деңгейін анықтайды..

Республикалық комиссия кешенді тестілеуден ең жоғары жалпы балл (макс. балл – 1300) жинаған үміткерлерге нақты мектептер бойынша бөлінген грант саны шегінде грант тағайындау туралы шешім қабылдайды.

Кешенді тестілеу бойынша жалпы балл саны тең болған жағдайда, математикадан неғұрлым жоғары балл алған үміткерлерге басымдық беріледі.

Математика бойынша балл саны тең болған жағдайда, сандық сипаттамалардан неғұрлым жоғары балл алған үміткерлерге басымдық беріледі.;

Сандық сипаттамалар бойынша балл саны тең болған жағдайда, құжат тапсыру кезінде көрсеткен оқыту тілінен неғұрлым жоғары балл алған үміткерлерге басымдық беріледі.

НӘТИЖЕЛЕРДІ ЕКІ ФОРМАТТА КӨРУГЕ БОЛАДЫ::

1.         Жеке нәтижелерді көру

2.         Барлық үміткерлердің нәтижелерін көру

Конкурстық іріктеу нәтижелерін көруге арналған  БЕЙНЕНҰСҚАУЛЫҚ

 1. Үміткердің жеке нәтижелерін көру үшін res.nis.edu.kz сайтында «Менің нәтижелерім» батырмасына басып, тестіленушінің сәйкестендіру коды (ТСК) мен жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) енгізу қажет. ТСК үміткердің конкурстық іріктеудегі рұқсат қағазында көрсетілген. 

 Жеке нәтижелерді көру

2. Барлық үміткерлердің нәтижелерін көру үшін res.nis.edu.kz сайтында оқу жылын, түсу мектебі мен оқыту тілін таңдау қажет. Үміткерлердің нәтижелері ТСК және шифрленген ЖСН арқылы беріледі.

Тізімнің бірініші бөлігінде «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі Республикалық комиссия қарауына жіберілген үміткерлердің жалпы балына сәйкес дәрежелік тізім беріледі.

Тізімнің екініші бөлігінде «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі Республикалық комиссия қарауына жіберілмеген үміткерлердің жалпы балына сәйкес дәрежелік тізім беріледі.

Зияткерлік мектептердің қабылдау комиссиясы мекенжайы мен байланыс телефоны

ТСК бойынша ақпарат алу қажеттілігі (рұқсат қағазын жоғалту және т.б.) туындаса, келесі телефондарға жолығу керек: 8-707-647-14-71, 8-701-455-46-52

 

Қаралым: 1164
Жарияланған: 22 Шілде