Ақындық өнер талант пен шабыттың тамаша үйлесуімен туатын ерекше өнер. Бүгінде жастардың ақындық өнерге, шығармашылыққа, білімге деген ынталары зор. Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің кітапханасында қазақ өлеңінің өркендеуіне өзіндік үлес қосып жүрген жастардың бірі, мектебіміздің түлегі, әлеуметтік жобалардың белсенді мүшесі, «Википедия» клубының бірінші Президенті, жас ақын Құдайберген Дәулеткерей Көптілеуұлының «Балауса белесі» атты өлеңдер жинағының тұсаукесер рәсімі өтті. Мұндай рәсім біздің мектебіміздің тарихында алғаш рет болып отыр. Жинаққа ақынның 100-ге жуық өлеңі енді.