Астана, Алматы, Қостанай және Талдықорған қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің механика-математика факультетінің базасында «Жібек жолы» және қашықтықтан Азия-Тынық мұхиты математикалық Халықаралық олимпиадаларына қатысты. Олимпиада наурыздың 7-8 аралығында Алматы қаласында өтті. Аталған олимпиадалардың мақсаты математика ғылымы бойынша дарынды оқушыларды анықтап, біліктіліктерін дамыту, оларға қолдау көрсету.