Павлодар қ. химия-биология бағытындағы мектебі

Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі


Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2013 жылдың 27 тамызында өз жұмысын бастады. Жаңа оқу жылында ашылған мектеп, Елбасының бастауымен республикамыздағы ашылып отырған 14 мектеп болып табылады.

Павлодардағы жаңа мектеп оқу үдерісіне инновацияларды енгізу және педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыруда негіз болады. Бұл мектепте жұмыс істеуге алдыңғы қатарлы мамандар шақырылды. Конкурстік іріктеуге 400 өтініш қабылданды, оның ішінен мектепте жұмыс істеуге комиссия тарапынан 92 адам ұсынылды. Қабылданған мұғалімдердің арасынан төртеуі Назарбаев Университетінде (PDP) бір жылдық дайындық курсын меңгеріп шықты, 59 пән мұғалімдері 3 (базалық деңгей бойынша) Педагогикалық шеберлік орталығының біліктілікті арттыру курстарын оқыды. Қазіргі уақытта Жаңа Зеландия елінен информатика пәні мұғалімі Иан Шоттер жұмыс істеп жүр.

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің конкурстік іріктеу жүйесі негізінен жаратылыстық-математикалық пәндер бойынша оқи алатын және келешекте алдыңғы қатарлы қазақстандық және шетелдік технологиялық университеттеріне түсе алатын балаларды іріктеу бағытында жұмыс жасайды. Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7,8,9,10 сыныптарында оқу үшін іріктеу конкурсына 2413 үміткер қатысты.  639 адам  «Өркен» білім беру грантының иегері болды. Орташа алғанда байқауда бір орынға 4адамды құрады. Ескере кететіні, 7-сыныптарда іріктеу байқауы алғашқы рет  Джон Хопкинс  университетінің дарынды жастары  Орталығы мен СІТО педагогикалық өлшемдері институтының  бірге өткізген және құрастырған жаңа жүйеде өткізді. Назарбаев Зияткерлік мектебі озық Қазақстандық педагогикалық тәжірбиені зерттейтін эксперименталдық алаң болып табылады. Әр мектепте оқу, тілдік, жатын блоктар қарастырылған. Оқу блогы 58 оқу кабинеті, оның ішінде 18 тілдер кабинеті ,5 физика және химия кабинеті, 9 математика кабинеті 4 биология кабинеті, география кабинеті, тарих, экология  және басқалары. Сондай-ақ мектепте жеке жұмыстарға техникалық модельдеуге психологиялық көмек көрсетуге ақпараттық  технологияларға  арналған бірнеше аудиториялар бөлінген. Сонымен қатар,бірнеше дәріс залдары мен универсалды кабинеттер бар.

Мектеп жаңа компьютерлік жүйемен, жоғары сапалы есептеуіш машиналармен, электронды интерактивті тақталармен, жоғары жылдамдықты интернет желісімен, тек қана білім алуға ғана көмек көрсетіп қоймай, оқыту үрдісіне жетекшілік ететін инновациялық бағдарламалық құралдармен жабдықталған.

Мектеп 720 оқушыға арналып, арнайы жобамен салынған. Жатақханада 120 балаға арналған орын бар. Бұл жерде алыс аудандардан және басқа облыстардан келген балалар тұра алады. Бүкіл жасалған жағдайлар оқушылардың танымдық және ғылыми қызметінің жүзеге тасуына көмек көрсетед., қоршаған ортаны тануға  және дүниені тануға қалыптастырады.

Павлодар қаласындағы химия-биологиялық мектебінде оқушылардың ғылыми қоғамы жұмыс атқарады.  Бұл қоған төмендегі бағыттар бойынша жұмыс жасайды: ғылыми- зерттеушілік жұмыс, нанотехнологиялық клубтардың жұмысы, биотехнология, робототехника, «Nis әлемі» мектеп ғазетінің шығарылуы, республикалық, халықаралық олимпиадалар мен сайыстар және мектеп медиацентры.

Мектепте жұмыс істейтін көшбасшылық клубы, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтымен байланыста жұмыс жүргізетін мктеп археологиялық бірлестігі, жас мамандарға кәсіби көмек көрсететін «Бастау» қоғамы ұйымдастырылып, жұмысын жоғары  деңгейде   атқаруда.

Оқушылар арасындағы достық пен өзара көмек  көрсету қасиеттерін  қалыптастыратын,  мектеп өмірінің қоғамдық негізін  құрайтын «Шаңырақ» бірлестігі, «TEDx   NIS» клубы, WIKIPEDIA клубы, «100 кітап» шаралары ұйымдастырылды.

«TEDx   NIS» жобасы оқушылардың ғылыми-зерттеу қабілеттерін арта түсуіне, серіктестік қарым-қатынастың  қалыптасуына, шығармашылық шеберліктің дамуына ықпал етіп, басқалардың пікірін сыйлауға  үйретеді.

«WIKIPEDIA» клубы  жобасы оқушылардың көптілдігін дамытуды көздей отырып, жұмысты  шығармашылық тұрғыда орындауға, ойлаудың академиялық еркіндігін пайдалануға, ғылыми ізденіс  пен зерттеулерге, жауапкершілік ұстанымының дамуына  септігін тигізеді.

Ұлттық классикалық әдебиетке  негізделген 60 қазақ әдебиетінің, 40 әлемдік  үлгілерін қамтитын «100 кітап» жобасы оқушылардың ішкі  дүниетанымының дамуына, рухани мәдениетін, адамгершілік қасиеттерін  қалыптастыруға зор ықпалын тигізеді.

Мектеп өмірінде жас мамандарға кәсіби көмек көрсететін «Бастау» Қоғамы ерекше орын алады. Қоғам қызметінің мақсаты – оқытудың жеке траекториясы құрылымын жасауда  жас мамандарға кәсіби көмек көрсетудің, кәсіби өсу мен мансапқа жетудің тұтас жүйесін құру; мұғалімдердің, яғни Қоғам мүшелерінің  өзара тиімді әрекеттестігі арқылы жас мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру.

Назарбаев Зияткерлік мектебінде театр студиясы өз жұмысын ұйымдастыру кезеңі үстінде. Ал «Көңілді палитра» бейнелеу өнері студиясы, «Star  rain» ән салу студиясы, «Мұрагер» этно-эстрадалық домбыра ансамблі, «Гармония» аспаптық жанр студиясы және ұлдар хоры өзінің көрермендерін тауып, өнерлерімен тәнті етуде.

Сыныптан тыс жұмыстар шеңберінде Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Көңілді тапқырлар клубы» өз жұмысын бастады. Оқушылардың мектептегі өмірі мен қоғамдық жұмыстары, сонымен қатар олардың шығармашылық жұмыстары, әр түрлі конкурстар мен викториналар т.б.  көрініс табатын «NIS әлемі.pvl» мектеп газеті қазан айының басында  жарыққа шығады деп күтілуде.  

Мекен-жайы: Павлодар қаласы, Усолка шағынауданы, Ткачев көшесі 16/2

Телефон: 8 (7182) 663 410 приемная, 8(7182) 663 420 респешн

Электронды пошта: info@pvl.nis.edu.kz

Веб-сайт: pvl.nis.edu.kz


Қаралым: 28195
Жарияланған: 30 Қырқүйек