Талдықорған қ. физика-математика бағытындағы мектебі

Талдықорғанда – физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі


 2010 жылы Талдықорғанда – физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ашылды.

Оқушылар мен мұғалімдерді іріктеу конкурстық негізде жүзеге асырылды. Барлық турдың қорытындысы бойынша Талдықорған қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебіне» 684 оқушы түсті (оның ішінде 1-6 сыныптар арасында – 306, ал 7-11 сыныптар арасында - 378 оқышулар). Аймақта 118 мұғалім іріктеуден өтті (оның ішінде жоғары категориялы – 56, бірінші категориялы – 24, екінші – 11, категориясыз мұғалімдер саны - 27), 12 кураторлар өтті. 33 сынып-комплектілері құрылды.

Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» - бұл техникалық құралдармен жабдықталған, 900 орынға арналған, 816 орынды мәжіліс залы, конференц-зал, электрондық абонемент орнатылған кітапхана, интерактивті құралдармен жабдықталған 59 кабинеті, химия, биология кабинеттері және кеңейтілген зертханасы және соңғы үлгідегі зертханалары қоса жабдықталған 5 физика кабинеті бар, жаратылыстану пәндері бөлімдері бойынша тәжірибелер жүргізуге арналған құрал-жабдықтармен және әмбебап жиынтықтармен, арнайы зертханалық мебельмен, бақылау-өлшеуіш аспаптармен, сандық тақташалар және графопроекторлармен, ультра моноблоктармен техникалық жабдықталған оқу мекемесі болып табылады.

Мектепте зияткерлік механизмдерді үлгілеу мүмкіндігі бар роботтық техника зертханасы, Лего элементінен роботтарды жинау, қарапайым бағдарламалық қамтамасыз етудің көмегімен бағдарламалау және роботтың «өмірін» бақылау, оқушыларды ғарышкерлік, медицина және басқа да салалардағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуға мүмкіндік беретін нанотехнология зертханасы, педагогтік және ақпараттық технологияларды ықпалдастыру орталығы, дәрістік сабақтар үшін аудитория жұмыс жасайтын болады.

Мектепте робототехникалық және нанотехнологиялық кабинеттер, педагогикалық және ақпараттық технологияларды кіріктіру орталығы, дәріс сабақтарына арналған аудиториялар жұмыс істейтін болады.

Оқу кабинеттері «Назарбаев Зияткерлік мектептері» сыналқы оқу бағдарламаларына сәйкес құрылды. Оқу бағдарламасы М.В.Ломоносов атындағы ММУ жанындағы Колмогоров мектебі базасында ресейлік мамандармен бірлесе құрылған.

Мектепте білім беру қызметін жүзеге асырудың жағдайын және оқу үрдісін жүргізуді, оны ақпараттық қолдауды және құжаттандыруды қамтамасыз ететін бағдарламалық-телеқатынастық кешен қызмет етеді. Мектептің локальді желісіне қосылған, сабаққа қатысушылардың мониторингін анықтап, серверде бірден мәлімет көрсетілетін электрондық есепке алу жүйесі орнатылған.

Мектепте 2 бассейн, 2 спорт, гимнастикалық және хореографиялық залдар, баскетбол мен волейбол алаңдары, футбол алаңы, жүгіру жолы бар спорт алаңы жабдықталған.

Негізгі және жоғары мектеп үшін аптасына 6 толық күн тәртібінде, 3 мезгіл тамақтану, балалардың денсаулығына педиатр мен стоматолог дәрігерлердің бақылау жүргізуі қарастырылған. Мектепте түрлі клубтар, үйірмелер мен секциялар жұмыс істейді. Мектеп жанында 100 орынды балабақша қарастырылған.

Оқушылардың таңдауы бойынша хореография, музыка, баскетбол, волейбол, гимнастика, шахмат, тогыз кумалак, футбол, аэробика сонымен қатар техника саласы бойынша роботехника, нанотехнология, математикалық академия, математикалық программалау, ағылшын тіліндегі информатика және физика, қазақ, орыс ұлттарының этнопсихологиядағы ерекшеліктері атты элективті курстар, TOEFL/IELTS бойынша дайындық, жобалау, теннис (ақылы түрде) сияқты үйірмелерге қатысуына толықтай мүмкіндік жасалған.

Мекен жайымыз: Талдықорған қаласы, Қаратал көшесі 47

Қабылдау бөлмесі: +7 (7282) 40-00-51

Электрондық поштамыз: info@tk.nis.edu.kz  

Веб-сайт: tk.nis.edu.kz


Қаралым: 37855
Жарияланған: 05 Сәуір