Орал қ. физика-математика бағытындағы мектебі

Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі


 2012 жылдың 29 қыркүйегінде Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі өз есігін айқара ашты. Тамаша білім ордасының ашылуы қала үшін айырықша оқиға болды және қала күніне арналған керемет тарту еді.

Оқушыларға, олардың ата-аналарына және мұғалімдерге Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев құттықау сөзін арнады. 

Осы тұста Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқу үшін жаратылыстану-математика бағдарламасы бойынша оқуға қабілетті балаларды іріктеу сабақтар қазақ, орыс және ағылшын тілінде өтетін 7, 8, 9, 11 сыныптарда жүзеге асырылды. 2012 – 2013 оқу жылында мектепте 500 жуық оқушы білім ала бастады. Зияткерлік мектепте жұмыс істеуге іріктеуден 56 мұғалім өтті, сонымен бірге мұнда шетелдік педагогтар да тартылды. 

Өз типі бойынша мектеп толық күн мектебі. Білім беру мекемесі 600 контингентке арналған 54 сыныпқа есептелген. Мектеп қазіргі заманғы құрал-жабдықтармен, смарт-сыныптармен, интерактивті тақталармен, физика, химия, биология, нано және биотехнология бойынша кеңейтілген лабораториялармен, сонымен бірге робот техникасы, техникалық моделдеу, технология және  өнер, мемлекет және құқық негіздері кабинеттерімен және  басқалармен жабдықталған. 

Орал қаласындағы Зияткерлік мектептің басты ерекшелігі – оның қасында 120 орындық интернат жұмыс істейді. Алыс ауылдардан келген оқушылар кең және жанға жайлы интернатта тұруға мүмкіндік алды.   

Жаңа мектепте жаттығу залдары бар спорт-сауықтыру блогы, киномұрағаты бар, 15 мың кітапқа арналған кітапхана, асхана, медициналық пункт, акт залы және басқалары.

Мекен жайымыз: Орал қаласы, Мәскеу көшесі, 16
Қабылдау бөлмесі: 8 (7112) 24-65-12. Мектеп әкімшілігімен байланысу үшін қабылдау бөлміне қоңырау шалып, қоңырауды қызметкердің қысқа ішкі нөміріне аударуын сұраңыз.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары - 5704
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары - 5703
Директордың даму жөніндегі орынбасары - 5727
Директордың қаржы және шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары - 5705
Электрондық пошта: info@ura.nis.edu.kz 
Веб-сайт: ura.nis.edu.kz

Қаралым: 39338
Жарияланған: 08 Сәуір