Нұр-Сұлтан қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2009 жылы ашылды.
Мектеп жұмысының негізгі мақсаты – өзін-өзі дамытуға, жетілдіруге қабілетті және кәсіби, әлеуметтік орнын анықтай алатын көшбасшы қалыптастыру. Нұр-Сұлтан қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне қабылдау конкурстық негізде жүзеге асады.
Зияткерлік мектеп физика-математика бағытындағы білім беру бағдарламасын апробациялауда тәжірибелік алаң болып табылады. Сондықтан да мектептегі бағдарлы пәндер - физика, математика және информатика. Басты назарда жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер болғанымен, гуманитарлық пәндер де тең дәреже оқытылады. Осыған байланысты зияткерлік мектептерде оқушылардың жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалған.
2016 жылы Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі халықаралық аккредитация алуға үміткер мектептерге қойылатын жағдайлар мен талаптардың барлығын орындап, командалық сапарды сәтті өткізіп, Council of International Schools (Нидерланд) халықаралық аккредитациясына ие болды. Аталмыш куәлік мектептің жоғары сапалы білім қызметтерін көрсетуіне кепілдік береді.
Зияткерлік мектепте 7-12-сынып оқушыларын қамтитын 37 сынып бар.
Оқу күні 08.30-да басталып, 17.00-де аяқталады. Оқушылар күніне үш мезгіл тамақтанады.
Мектептегі оқу үрдісі оқушыларға оқу пәндерін жоғары деңгейде меңгеруге және тәрбие жұмыстарына бағытталған. Сабақтар негізгі мектепте аптасына алты күн болса, ал бастауыш сыныптарда оқушылар бес күн оқиды. Оқытылатын пәндер: физика, математика, ағылшын тілі сабақтары. Дене шынықтыру сабақтары үлкен және кіші залдарда және тренажер залында өтеді.
Çабақтан кейін кітапханада, оқу-физикалық зертханаларда, мектептің тәжірибелік зертханаларында жеке жұмыстар жүргізіледі. Оқушылардың таңдауы бойынша студиялар, клубтар, үйірмелер, секциялар және факультативтер жұмыс істейді. Сонымен қатар, үнемі ұйымдастырылатын түрлі әлеуметтік жобалар, акциялар, байқаулар, көрмелер, жарыстар, ғалымдармен кездесулер мектеп өмірін одан әрі жандандыра, қызықты ете түседі.
Оқу-тәрбие үрдісін мектеп әкімшілігі өзін-өзі басқару ұйымдарымен бірлесе отырып басқарады. Зияткерлік мектептің басқару қызметін жүзеге асыруда Зияткерлік мектеп кеңесі, мектеп ұжымының жалпы жиналысы, педагогикалық кеңес, ғылыми әдістемелік кеңес, әкімшілік кеңес, жас зияткерлердің Республикалық кеңесі жұмыс істейді.
Мектеп мекенжайы: Нұр-Сұлтан қ., Хусейн бен Талал, көшесі, 21
Қабылдау бөлімінің телефоны: +7(7172) 57-57-85
Заместитель директора по ВР - 8 (7172) 55-98-01
Заместитель директора по ВС - 8 (7172) 55-98-01
Заместитель директора по НМР - 8 (7172) 55-98-01
Заместитель директора по УР - 8 (7172) 55-98-03
Заместитель директора по ФХД - 8 (7172) 55-98-02
Электрондық пошта: info@ast.nis.kz
Веб-сайт: ast.nis.edu.kz