Ақтөбе қ. физика-математика бағытындағы мектебі

Ақтөбе қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі


2013 жылдың 25 ақпанында Ақтөбе қаласында физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі өз есігін айқара ашты. Бұл - Мемлекет басшысының бастамасымен ашылған республикамыздағы оныншы Зияткерлік мектеп.

Ақтөбе қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі - 720 адамға арналған, 120 жатын орындық нысан. Жаңа мектеп Батыс-2 шағын ауданында орналасқан. Мектеп ғимаратында 59 кабинет, зертханалар мен педагогикалық және ақпараттық технологияларды интеграциялау орталығы, жеке сабақ беру және психологиялық бейімдеу кабинеттері, 360 орындық асхана, екі спорт және акт залы, қысқы бақ орналасқан. Мектептегі жаңа құрылғылар, био және нанотехнологиялық зертханалар, 159-дан астам компьютер мен 660 ноутбук, 60 интерактивті тақта -  бәрі оқушылар игілігі үшін беріледі. Мектеп аумағында 5400 шаршы метрлік футбол алаңы, теннис және хоккей корты, волейбол және баскетбол алаңы бар заманауи спорт кешені орналасқан.

Назарбаев Зияткерлік мектебінде жұмыс істеу үшін Ақтөбе қаласымен қатар, Хромтау, Қандыағаш, Шалқар қалаларынан да мұғалімдер қабылданған. Оның ішінде пән мұғалімдері, Педагогикалық шеберлік орталағының үш айлық деңгейлік бағдарлама арқылы біліктілігін арттыру курсынан өткен мұғалімдер, сонымен қатар 2011-2012 жылдары Назарбаев Университеті базасында оқудан өткен 100 мұғалімнің қатарындағы ағылшын тілі пәнінің PDP мамандары бар.

Мекен жайымыз: Ақтөбе қаласы, Батыс шағын ауданы

Қабылдау бөлмесі: 8(7132)41-17-37

Электрондық поштамыз: akb_info@akb.nis.edu.kz 

Сайтымыздың мекен-жайы: akb.nis.edu.kz


Қаралым: 46681
Жарияланған: 06 Сәуір