Туркестан қ. химия-биология бағытындағы мектебі

Туркестан қ. химия-биология бағытындағы мектебі


  Құрметті үміткерлер мен ата-аналар!

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2021-2022 оқу жылына Түркістан қ. химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-9 сыныптарында оқуға үміткер оқушыларға Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау конкурсын жариялайды.

Құжаттарды қабылдау келесі мекен-жай бойынша жүргізіледі:   Түркістан қ., Б. Саттарханов даңғылы, 29, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті. Байланыс тел.: 8 702 066 33 77.

 Үміткерлердің құжаттарын қабылдау  

Карантиндік шектеулер кезінде санитарлық талаптарды сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қабылдау комиссиясына келушілер ағымын реттеу үшін онлайн брондау қызметі жүзеге асырылады. Бұл қызмет Сізге құжаттарды тапсыру үшін қабылдау комиссиясына келу күні мен уақытын алдын ала белгілеуге мүмкіндік береді. 

   Онлайн брондау қызметін пайдалану үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

1.      «Зияткерлік мектептер» бөліміндегі «Түркістан қ. химия-биологиялық бағытындағы мектебі» жазбасын ашу;

2.      «Қабылдау комиссиясына арнайы кезекті брондау» қосымшасын ашу;

3.      Ашылған терезе арқылы күнтізбеде құжат тапсыру үшін қабылдау комиссиясына келу күні мен уақытын таңдау;

 

4.      Өзіңіздің байланыс деректеріңізді көрсету;

5.      Брондауды растау;

 6.      Барлық жиектер толтырылып, брон жасалғаннан кейін Сіз көрсеткен электрондық поштаға брондаудың расталғаны туралы хабарлама келеді. 

 


 
Қабылдау комиссиясына келген жағдайда сақталатын санитарлық талаптар   

1.       Үміткер мен заңды өкіл (1 адам) университет ғимаратына тіркеу кезінде белгіленген уақытта ғана (қатаң түрде) кіргізіледі. Қабылдау комиссиясына келу кезінде бетперденің болуы міндетті.   

2.       Университет территориясында көрсеткіш белгілерімен жүріп, әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет.

3.       Университет территориясына үміткер және заңды өкілмен ілесіп келген басқа  тұлғалар жіберілмейді.  

Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, індеттің жұғу қаупін азайту үшін белгіленген санитарлық-профилактикалық ережелерді ұстану, сондай-ақ короновирустық инфекция және ЖРВИ белгілері байқалған жағдайда қабылдау комиссиясына келуді кейінге калдыруды сұраймыз.

Үміткерлер конкурстық іріктеуге қатысу үшін қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсырады:

1)           Конкурсқа қатысу үшін өтініш беру; 

2)           Сауалнама толтыру;

3)           Үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі, үміткердің ЖСН-і, бар болған жағдайда жеке бас құжатының көшірмесі, заңды өкілдің ЖСН-і көрсетілген жеке куәлігінің көшірмесі;

4)           086/у медициналық анықтама  формасы*;

5)           Үміткердің оқу жылының I жарты жылдығындағы үлгерімі мен тәртібі туралы табелінің көшірмесі. Талап етілген құжат оқитын мектеп басшысының қолымен расталып, тиісті білім беру ұйымының мөрімен бекітілуі керек.

Білім беру деңгейі мен оқу бағдарламасының айырмашылығы салдарынан Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарының сыныптарынан өзгеше болатын шетелдік білім беру мекемелері мен халықаралық мектептердің оқушыларынан басқа орта білім беру ұйымдарының 7-9 және 11-сыныптарында білім алатын үміткерлердің келесі оқу жылында Зияткерлік мектептердің осы сыныптарында қайта білім алуға құқықтары жоқ.

Оқу бағдарламасы және бағалау шкалалары Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарының оқу бағдарламалары мен бағалау шкалаларынан ерекшеленетін шетелдік білім беру ұйымдарында немесе халықаралық мектептерде оқитын үміткерлер оқитын мектебінен бағдарламаның мазмұны мен бағалау шкалаларын түсіндіретін ресми хаттар оқу үлгерімі табеліне (бағалау транскрипті) қоса тіркеледі.

6)           Үміткердің графикалық файл түріндегі 1 МБ (мегабайт) кем емес көлемі 3х4 см. цифрлі фотосуреті немесе үміткердің фототүсірілімі құжат тапсыру кезінде қабылдау комиссиясында жасалынады.   

Фотосурет ақшыл түсті фонда қатаң анфаста орындалады, бейтарап бет көрінісі мен ауызы жабық болуы қажет, бет пішіні фотосуреттің жалпы көлемінің 75%  алуы тиіс. Компьютерлік сканерлеу, модельдеу немесе ксерокөшірмелеу әдісімен жасалынған суреттер қабылданбайды. Суретке түсіру кезінде бас киім және көзілдірік рұқсат етілмейді. Көздері ашық, анық көрінетін және шашымен жабылмаған. Фотосуреттің көлемі 450х600 пиксельден кем емес рұқсат ету шамасымен 600 пиксель/дюйм (dpi) төмен емес болуы тиіс.

Көрсетілген барлық құжаттар пластикалық тезтікпеге салынады. 

*Карантиндік шектеу шараларына байланысты үміткер медициналық анықтаманы ала алмаған жағдайда, аталған анықтаманы мектепке қабылданған кезде міндетті түрде тапсыруы қажет. 

Құжаттар келесі жағдайда қабылданбайды:

1)           өтінішті конкурстық іріктеуге қатысуға белгіленген мерзімінен кешіктіріп тапсыру;

 

2)           құжаттарың бекітілген тізім бойынша толық болмауы.

 


Қаралым: 4627
Жарияланған: 02 Наурыз