«Туған елге тағзым» өлкетану зерттеу экспедициясы
2012 жылдың маусым айының 15 мен 26 аралығында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 120 оқушысы және 30 педагогы алғаш рет «Туған елге тағзым» өлкетану зерттеу экспедициясына қатысты. Жоба «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы тарапынан әзірленіп, оқушыларды туған елге деген қызығушылығын оятуға, отансүйгіштік сезімдерін ныйғатуға бағытталған еді. Оқу-ағарту сапарының ерекшелігі Назарбаев Зияткерлік мектептері арасында Қазақстанның аймақтары бойынша зерттеу өткізу мен танысу үшін бағдарлар алмасу болып табылады. Жоба аясында экспедициялық топтар Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстары мен Астана қаласында болды.
Экспедицияға әрбір аймақтан 7,8,9,10 сыныптардың оқудағы, шығармашылықтағы, спортттағы және өзге де салалардағы табыстары үшін таңдалған 20 оқушысынан құралған топтар қатысты. Зерттеу экспедициясы 10 күнге созылды. Осы уақыт ішінде балалар аймақтың флорасы және фаунасымен (сирек кездесетін өсімдіктер және жануарлармен, соның ішінде Қызыл кітапқа кіргендерімен де), табиғи ландшафтарымен (таулары, өзендері, көлдері), ұлттық саябақтар және қорықтармен, тарихи орындармен, сәулет ескерткіштерімен, ірі индустриялды-өнеркәсіп нысандарымен, ғылыми орталықтармен, мәдени мекемелермен (мұражай, театрлар және т.б.), аймақтың танымал және беделді адамдарымен, музыкасымен, аңыздарымен, әпсаналарымен, халықтың салт-дәстүрімен танысты.
Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Өскемен қаласын және облыстың тартымды жерлерін зерттеуге аттанды. Жас ғалымдар Өскемен-Риддер-Ақбауыр бағыты бойынша жүрді. Өскеменде балалар аймақтағы ең ірі су электр станциясында, «Азия авто» машина жасау зауытында, Үлбі машина жасау зауытында болып, қаланың өлкетану және этнографиялық мұражайларында зерттеу жүргізді, ақындар Абай мен Пушкинге, ғалымдар Ушанов пен Протозановқа арналған ескерткіштерді көрді. Риддерде экспедицияға қатысушылар «Тау-кен» компаниясының ұжымымен кездесті, қойнауы түсті металдарға толы өңірдің ерекшеліктерін зерттеп, аймақтың тарихи тұлғаларының өмірбаяндарымен танысты. Шығыс Қазақстан облысының табиғи байлығын балаларға толық көлемде Батыс Алтай қорығынан көрудің сәті түсті, ал ерте дәуірдің тастарға салынған таңғажайып суреттерімен тамаша этно-ауыл орналасқан Ақбауырда танысты.
Семейлік жас ғалымдарға зерттеу нысаны ретінде Қазақстанның елордасы Астана мен Ақмола облысы бұйырды. Балалар өздерінің саяхатын Тұңғыш Президент мұражайынан бастап, онда Нұрсұлтан Назарбаевтың кабинетінде болып, Ұлт көшбасшысының балалық, жастық шақтарындағы және есейген кезіндегі қызықты сәттермен танысты. Еуразия ұлттық университетіндегі Күлтегін ескерткіші экспедицияның жеке тақырыбы болды. Оқушылардың айырықша қызығушылығына назар аударған университет ректоры Ерлан Сыдықов балаларды тікелей өзі қарсы алып, оларға зерттеу жұмысына қатысты бағалы кеңестер берді. Одан бөлек, тарихшы балаларға өз кітабы мен Жоғары оқу орнының эмблемасы бар естелік сыйлықтар табыс етті.
Оқушылардың пікірінше, саяхаттың ең қызықты сәті Қорғалжын қорығына жасалған сапар еді. Мұнда балалар қорықтағы сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарларды іздестіру жұмыстары күтіп тұрды, ал Исек өзенінің тұзды жағалаулары вертикалды және көлденең індердің мол болуымен көптеген сұрақтар туындатты. Зерттеушілер өздерінің қызықты сұрақтарына жауапты ересек әріптестерінен - Қорғалжын қорығы директорының ғылым бойынша орынбасары Александр Кошкиннен тапты, ол өңір туралы таңғажайып әңгімелер айтып берді. Ақмола облысының тарихи ескерткіштерінің ішінде оқушылардың жолы Ерейментаудағы Бөгенбай батырдың құрметіне ашылған тарихи-өлкетану мұражайына, Астанадан 35 шақырым жердегі Қабанбай батырдың кесенесіне, «Алжир» этно-мемориалды кешеніне түсті. Астанада оқушылар ХХ ғасырдың 30-жылдары ашаршылықтан құрбан болған қазақтардың рухына тағзым етіп, ұлттық мұрағаттың құнды материалдарын зерттеді.
«Туған елге тағзым» өлкетану зерттеу экспедициясы барысында Астана қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Жамбыл облысының инновациялық-индустриялды, білім беру, мәдени кешендерінде болуға және танысуға мүмкіндік алды. Оқушыларды Қазақстанның ең көне қалаларының бірі - Тараз қарсы алды. Оның төңірегіндегі тарихи орындарда балалар қазба жұмыстарымен айналысып, тамаша орындарды, түрлі мұражайлар мен мұрағаттарды аралады. Жас зерттеушілер ұлттық салт-дәстүрді сақтап отырған ауылдарда болып, домбыра жасау үдерісінің және бүркітпен аң аулаудың куәсі болды. Өз істерінің хас шеберлері экспедицияға қатысушылармен қолөнердің құпиясымен бөлісті. Жуалы селосы (Б.Момышұлының туған жері) мен Өрнек ауылында ауыл тұрғындары мен мектептегі құрбылармен кездесу өте қуанышты сәт еді, онда оқушылар командалық және ұлттық спорт түрлерінен жарысқа түсті. Аға буын өкілдерімен кездесу кезінде оқушылар «Бұлақ көрсең, көзін аш», «Қарттар жазып қойған хатпен тең» және «Салауатты ұрпақ» тәрізді акциялар ұйымдастырды. Оқушылар көзі тірі классик - Шерхан Мұртазаның өмірі және шығармашылығымен танысты. Тараз қаласы Мәдениет және демалыс саябағының директоры Айдина ханыммен кездесу оқушылардың есінде қалыпты, өйткені ол демалушыларға қамқорлық пен персоналдың жұмысы үшін жақсы жағдай жасауды қажет ететін заманауи кәсіпкердің күнделікті мәселелері туралы айтып берді.
Бағыттарды алмасу бойынша Алматы облысы Үштөбе қаласына Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары ат басын тіреді. Оқушылар ең алдымен корей халқының дәстүрімен, мәдениетімен, тарихымен танысуға мүмкіндік берген Корей этномәдени орталығында болды. Экспедицияның екінші және үшінші күндері Іле Алатауы мемлекеттік саябағында, «Сақ қорғандарында», түйеқұс фермасында, Түрген шатқалында, форель шаруашылығында өтті. Есік қаласында саяхатшылар қазіргі Жетісудың тарихи орындармен, сәулет ескерткіштерімен және табиғи ландшафтымен танысты. Экспедицияның келесі тоқтаған жері Талдықорған қаласы еді, мұнда балалар өңірдің тартымды жерлері мен өнеркәсіп мекемелерінде болды. Жас зерттеушілер қаланың тарихы жөнінде қызықты деректер біліп, Үш ата-Балпық би, Ескелді би және Қабылиса жырау ескерткішімен танысты. Ілияс Жансүгіровтың мұражай-үйінде оларды танымал қазақ ақынының тағдыры туралы әсерлі әңгіме күтіп тұрған болатын. Экспедицияға қатысушылар Текелі қаласына барып, табиғатымен, тарихымен, «Текелі Гранит» және «Қазақстан Текстилайн» өндірістік нысандарымен танысты. Саяхаттың ақырғы тұрағы Қапал елдімекені еді, онда экспедицияға қатысушылар Ақын Сара мұражайында, «Тамшы бұлақ» қайнарында, Қапал Аарасан санаториында болды.
Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жас Колумбтары білім сапары бойынша Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласына аттанды. Онда олар Семипалатинск қамалының үш қақпасынан қалған жалғыз «Ямышев қақпасында», Семей ядролық полигонының құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументінде, Невзоровтар отбасы атындағы көркемсурет өнері мұражайында болды. Сонымен бірге балалар «Алаш арыстары» мұражайында болып, 1917 жылы «Алаш Орда» үкіметін басқарған Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов және өзге да қазақ интеллегенциясы жетекшілерінің тағылымды тағдырлары туралы деректермен танысты. Сондай-ақ, оқушылар Абайдың мұражай-үйінде болды. Жас зерттеушілердің назарын аударған айырықша пункт «Семей орманы» резерваты еді. Онда балалар өңірдің экологиялық мәселелерімен бетпе-бет келді. Тамаша қарағайлы ормандағы өрттердің, орманды браконьерлердің кесуі салдарынан экологиялық мәселе онда күрделеніп кеткен. Оқушылар жаңа аймаққа жас қарағайлардың қалай жерсініп жатқанын көздерімен көрді. Кішкентай ғана бұрандадан бастап ірі механизмдерге дейін автобустың қалай құрастырлатындығымен балалар «СемАЗ» ЖШС-інде танысты. Көкшетаудан шыққан экспедиция үшін экскурсияның ең мазмұнды және қызықты күндері қазақ халқының ұлы ойшылы Абайдың туған жері – Жидебайда өтті. Ұлы ойшыл және ақынның өмірі жайындағы құнды деректер Абай мен Шәкәрім мемориалды кешенінде, Бөрілідегі Мұхтар Әуезов мұражайында ашыла түсті.
Көкшетау - Бурабай - Срымбет бағыты бойынша саяхатқа Талдықорған қаласынан келген оқушылар шықты. Талдықорғаннан келген экспедициялық топқа арналған бағытты Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі әріптестері әзірледі. Экспедиция Көкшетау қаласындағы мұражайларда, өндірістік нысандарда, спорт кешендеріне, Бурабай демалыс аймағында, Қарасай мен Ағынтай батырлардың мемориалды кешенінде, Шоқан Уәлихановтың әжесі Айғанымның мекен - жайында, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы Ботай қонысындағы археологиялық қазба орынында болды. Балалар аймақтың флорасы мен фаунасының байлығына, тамаша табиғатына, тарихи ескерткіштердің алуан түрлілігіне разы болды, себебі мұның барлығы олардың зерттеулері үшін құнды деректер еді.
«Туған елге тағзым» өлкетану зерттеу экспедициясын өткізу дәстүрге айналатын болады. Келесі жылы жас зерттеушілер - Назарбаев Зияткерлік мектептерінің үздік оқушылары туған еліміздің ең көрікті және сырға толы өңірлеріне қызықты саяхаттарға қайтадан аттанатын болады!