«TEDx NIS» клубы

«TEDxNIS клубы»


Жоба мақсаты:

Зерттеу, тілдік құзыреттілік, шешендік өнер, түрлі көзқарастар мен пікірлерге деген құрмет дағдыларын қалыптастыру.

Қатысушылар: 7-12 сыныптың барлық оқушылары

Күтілетін нәтижелер:

TEDx форматында баяндамалар дайындау барысында оқушылар ғылыми-зерттеу негіздерін, шешендік өнерді, түрлі көзқарастарға құрмет көрсетуді үйренеді;

Серіктестік қарым-қатынас орнатып, топта жұмыс жасау қабілетін арттырады;

Шешілетін мәселелердің мәніне назар аударып, жаңа идеяларды қорғау қабілеттерін дамытады.

Бүгінгі таңда көптеген желілік мектептер TEDx-ті өткізу үшін лицензия алған. Жоғары сынып оқушыларының жаңа спикерлерге арналған тренерлік тәжірибесі іс жүзінде қарастырылуда.

Жобаны жүзеге асырудың қашықтықтағы форматы оған өзінің жаңашылдығын қосып, шақырылған спикерлердің географиясын кеңейтті. Онлайн баяндамалар конференция спикерлері үшін жаңа тәжірибе мен үндеуге айналды.

Өз баяндамаларында спикерлер цифрлық трансформациядан ләззат және пайда алу үшін онлайн білімнің бізге беретін жаңа мүмкіндіктерін барынша танып-білуді ұсынады. 

Жобаның жүзеге асырылу барысында спикерлер төмендегідей тақырыптар аясында баяндамаларын әзірледі: «Әлем таныған Елбасы», «Бір Ел: бір мүдде, бір мақсат, бір болашақ», Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Артық білім-кітапта», «Адамзаттың алыбы», «Жаһандану әлемнің керемет моделі ретінде», «Жақсы әдеттер біздің өмірімізге қалай әсер етеді», «Оқуға деген мотивация (уәжі)», ««Тайм-менеджмент. НЗМ оқушыларының моделі», «Мотивация (Уәж). Оқуда қалай жетістікке жетуге болады?», «Мен өз ісімді жақсы көремін және өзім жақсы көретін нәрсені істеймін!», «Мақстақа жетудің 7 қадамы», «Көшбасшылық қасиеттерді қалай дамытуға болады?», «Еріктілер - нағыз патриоттар» және т.б.


Қаралым: 985
Жарияланған: 12 Тамыз