Жадынама

Жасанды интеллект және мехатроника Наурыз кездесулерінің қатысушыларына жадынама


 Іс-шара басталғанға дейін:

1.  Наурыз кездесулерінің бағдарламасымен танысу.

2. Іс-шараға тіркелу.

3. Интернетке қосылуды, ноутбуктің батареясын, компьютердің, құлаққаптың, микрофонның, веб-камераның жұмысын тексеру.

Іс-шара кезінде:

1. Күн сайын іс-шара басталғанға дейін 10-15 минут бұрын қосылыңыз.

2. Спикерлердің баяндамасы кезінде камера мен микрофонды қоспаңыз.

3. Модератор спикерге сұрақтар қою үшін TEAMS чатын баяндаманың соңғы 10-15 минутында қосады.

4. TEAMS чатында сұрақтарды қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің бірінде қоюға болады.

5. Спикерлерге баяндама тақырыбы бойынша сұрақтарды қою керек. Сұрақтарды қою барысында этикалық нормаларды сақтаңыз және спикерлерге, іс-шараны ұйымдастырушылар мен  қатысушыларға деген құрметіңізді көрсетіңіз. 

6. Спикер баяндамасы соңында модератор ең қызықты және өзекті сұрақтарды таңдап, спикерге сұрақ қою үшін қатысушының атын атайды. Чатта алдын-ала сұрақ жазған қатысушы камераны, микрофонды қосып сұрақ қоюға дайын болуы керек.

7. Уақыт жетпейтін немесе техникалық ақаулар болған жағдайларда модератор чаттағы сұрақтарды өзі оқиды.



Қаралым: 353
Жарияланған: 14 Наурыз