Bookcrossing

«Вооксrossing» жобасы


 «Вооксгossing» жобасы Назарбаев Зияткерлік мектептерінде 2012 жылдан бастап тұрақты, дәстүрлі түрде жүзеге асырылатын желілік әлеуметтік акция. Акция аясында оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар ерекше белсенділікпен қатысады.

Вооксгоѕѕіng - бүкіл мектеп қауымдастығының жалпы білім беретін мектептер, балалар үйі, Аналар үйіне оқушылардың оқыған әдеби кітаптарын өзге оқырманға сыйға тартуы. Бұл акция жыл сайын дәстүрлі түрде Тұңғыш Президенті күні және ел Тәуелсіздігі күні қарсаңында ұйымдастырылады.

Жобаның мақсаты – баланың кітап оқуына насихаттау, қызығушылығын арттыру, тіл байлығын дамыту, сөздік қорын арттыру, ой өрісін, сыни ойлауын кеңейту. Оқушылар қысқаша эссе, өз ұсыныстарын, кітаптар туралы пікірлерін достарына арнап жазады. Мұның бәрі әдемі түрде арнайы безендіріліп, жалпы білім беретін мектептерге немесе балалар үйлеріне табысталады. Оқушылар өз дүниетанымына оқыған кітабының әсерін, кітап оқуға қызығушылығы қалай артқаны жайлы ойымен бөлісіп, оқуға ұсынатын кітаптарын атап өтеді.

 


Қаралым: 639
Жарияланған: 16 Тамыз