Семинарлар мен курстар

"21 ғасырда кітапханаларды басқару" Пенсильвания штатының UPENN университетінде өткен курс

2013 жылдың 18-31 мамыр аралығында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ филиалдарының кітапхана мамандары мен Орталық аппарат қызметкерлері «21 ғасырда кітапханаларды басқару: Мектепте кітапхана рөлін көтеру, мектеп кітапханасы ішінде кеңістікті жоспарлау мен дамыту және 21 ғасырдағы кітапхана коллекциясы» атты біліктілікті арттыру курсынан өтті.

Зияткерлік мектеп кітапханашылары кәсіби біліктілігін жетілдірді

2013 жылдың 24-26 сәуір аралығында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының бастамасымен Қарағанды қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектеп базасында еліміздің әр аймағынан жиналған Зияткерлік мектеп кітапханашылары үшін «Білім мекемелері кітапханаларындағы перспективалық сандық қосымшалар» атты біліктілік арттыру курсы ұйымдастырылды.

«Инновациялық кітапхана» атты республикалық семинар болып өтті

2013 жылдың 25 ақпанында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің іс тәжірибесін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қарасты 35 тірек мектептерге тарату мақсатында, Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі базасында «Инновациялық кітапхана» атты семинар болып өтті. Семинарға Алматы, Жамбыл, Қостанай, Қарағанды, Атырау, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан тағы басқа да облыс орталықтарынан мектеп кітапхана меңгерушілері мен директордың орынбасарлары қатысты