Семинарлар мен курстар

Назарбаев Зияткерлік мектеп кітапхана мамандарының біліктілік арттыру курсына қатысуы туралы ақпарат

2014 жылдың 10-16 қарашасында Назарбаев Зияткерлік мектептердің кітапхана мамандары Хямеэнлинна қаласындағы ХАМК қолданбалы ғылымдар университеті базасында (Финляндия) «Кітапхана және өмір бойы білім алу» тақырыбында біліктілік арттыру курсынан өтті

"Кітапханалар, азаматтар, қоғам: білім үшін бірігу" Дүниежүзілік кітапханалық және ақпараттық конгресс: «ИФЛА-2014» 80-ші Бас конференциясы жөнінде

2014 жылдың 15-22 тамызы аралығында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Білім беру саясаты және бағдарламалар департаментінің маманы және Көкшетау, Қарағанды қалаларының Зияткерлік мектеп кітапханашылары «Кітапханалар, азаматтар, қоғам: білім үшін бірігу» Дүниежүзілік кітапханалық және ақпараттық конгресс: «ИФЛА-2014» 80-ші Бас конференциясына қатысты

Зияткерлік мектеп кітапханаларының тәжірибесін жалпы білім беру мектептеріне тарату

Зияткерлік мектеп кітапханасының тәжірибелерімен бөлісу мақсатында, 2014 жылғы 22 ақпанда Білім беру саясаты және бағдарламалар департаментінің ұйымдастыруымен Көкшетау қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Көкшетау қалалық жалпы білім беру мектептерінің кітапхана қызметкерлеріне арналған «Қазіргі заманғы мектеп кітапханалары жұмысының инновациялық бағыттары» тақырыбында семинар өтті

«Қазіргі заманғы мектепте зерттеу жұмысының рөлі және мектеп кітапханасының педагогикалық әлеуеті» атты семинар

2014 жылдың 19-21 ақпан аралығында Көкшетау қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында Зияткерлік мектеп кітапханаларының қызметкерлері үшін «Қазіргі заманғы мектепте зерттеу жұмысының рөлі және мектеп кітапханасының педагогикалық әлеуеті» атты семинар ұйымдастырылды

Қазіргі заманғы мектеп кітапханасының когнитивтік миссиясы

2013 жылдың 18-21 желтоқсан аралығында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Білім беру саясаты және бағдарламалар департаментінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында «Қазіргі заманғы мектеп кітапханасының когнитивтік миссиясы» тақырыбында Ресей мектеп кітапханалар ассоциациясының Президенті Татьяна Жукованың қатысуымен семинар өтті