IFLA-2017 Дүниежүзілік кітапхана және ақпарат конгресі биыл 120-дан астам елдің мыңдаған кітапханашыларын Польшадағы Вроцлав қаласына жинады. Назарбаев Зияткерлік мектептерінің педагог-кітапханашылары кітапханалар мен ақпараттық қызметтер саласындағы ең ірі кәсіби іс-шарасына қатысты.
Апта бойы бүкіл әлемнің сарапшылары кітапхана ісінің өзекті мәселелерін талқылады. Конгресс ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра нысандарына кіретін Польшадағы ең әйгілі орындардың бірі – «Ғасырлар залында» өтті.
Іс-шараның «IFLA жаһандық ұстанымын талқылау» атты бөлігінде постер-сессия өтіп, онда постер түріндегі 185 бірегей жұмыстар көрсетілді. Зияткерлік мектептердің өкілдері - Аида Ағаділ, Ақерке Нұрмағамбетова және Шолпан Сүмембаева “Teach. Motivate. Inspire” (“Оқыт. Ынталандыр. Шабыттандыр”) атты постерін ұсынды. Шетелдік сарапшылар бұл жұмысқа жоғары бағасын беріп, жұмысты авторлардың рұқсатымен IFLA Халықаралық кітапханалық ассоциациялар және мекемелер федерациясының ресми сайтында орналастырды http://library.ifla.org/1873/.
Дүниежүзілік кітапханалық және ақпараттық конгреске ұсынылған постер Назарбаев Зияткерлік мектептері кітапханаларының негізгі ерекшеліктерін шетелдік әріптестерге ұтымды көрсете алды. Қазіргі уақытта бұл оқырмандарды қалыптастыру мен дамытуда басты рөл ойнайтын және жаһандық білім беруде бүгінгі күні өзекті боп отырған «өмір бойы оқу» қағиданы енгізуде мектептің орталық орыны болып отыр. Бұдан басқа, Зияткерлік мектептердің педагог-кітапханашылары 2013 жылдан бастап бүкіл ел бойынша әріптестеріне өз тәжірибелерін таратып, шығармашылық байланыс орнатып, функционалдық, оқу және ақпараттық сауаттылықты арттыруға өзіндік үлестерін қосуда.