Семинарлар мен курстар

«Кітапхана мүмкіндіктерін кеңейту - мектепте медиа оқыту және ғылыми зерттеулерді қамтамасыз ету»


2017 жылдың 20-25 шілде аралығында FIF Technologies LLP (Сингапур) білім беру орталығы базасында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің педагог-кітапханашыларына арналған «Кітапхана мүмкіндіктерін кеңейту - мектепте медиа оқыту және ғылыми зерттеулерді қамтамасыз ету» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өтті. Курс аясында мектеп бағдарламасы мен кітапхана тұрғысынан ақпараттық сауаттылық және зерттеу дағдыларын дамытуда тәжірибесі мол жоғары білікті лекторлар   Эвелин Чу, Ли Мэвис дәріс оқыды. Курс барысында оқушылардың  мол ақпараттарды  тиімді пайдалану, ақпараттық сауаттылықтарын дамыту моделдерін оқу бағдарламалары аясында жүзеге асыру, кітапхана аясында жүзеге асырылатын жобаларды бағалау тәсілдері қарастырылды.

Зияткерлік мектептердің педагог-кітапханашылары кітап оқу мен  оны насихаттау, ақпараттық сауаттылықты дамыту жөнінде Сингапурдың ұлттық жобалары және бағдарламаларымен танысып, Сингапур ұлттық кітапханасы, Сингапур ғылым орталығы, Ұлттық педагогикалық институт кітапханасы, Сингапур Технология және дизайн университетінің кітапханаларының  жұмыстарымен танысып, тәжірибе алмасты. Зияткерлік мектептердің педагог-кітапханашылары курстан алған білім, білік, дағдыларын алдағы уақытта   өз жұмыстарына  енгізеді.

 

  

 


Қаралым: 1635
Жарияланған: 15 Тамыз