Ата-ананың жұмысындағы​ бір күн

Ата-ананың жұмысындағы​ бір күн


Оқушылардың ел өміріне араласу мүмкіндігін кеңейту, олардың әлеуметтік белсенділігі мен азаматтық жауапкершілігін арттыру, оқушылардың рухани-шығармашылық қасиеттерін, зерттеушілік қабілеттерін дамыту, еңбекті құрметтеу дағдыларын қалыптастыру, ата-ана мен бала арасындағы түсіністікті, мамандық таңдау мәселесінде ұрпақтар сабақтастығын нығайту әлеуметтік жобаның мақсаты болып табылады. 

Тәжірибенің ерекшеліктері: 

  • оқушылар тәжірибені куратормен және ата-аналармен бірлесіп жоспарлайды;
  • олардың кәсіби қызметінің ерекшеліктерін зерттейді;
  • кәсіпорынның мазмұнымен танысады;
  • ата-аналардың әріптестерінен сұхбат алады;
  • оқу, жазу және ой қорыту дағдыларын қолданады;
  • күнделік жүргізеді, ақпаратты талдап, құрылымдайды және есеп дайындайды. 

Тәжірибе нәтижесі бойынша жазылған эссе мазмұнын талдау оқушылардың ойлау әрекетінің динамикасын көрсетеді, балалардың шығармаларынан олардың көзқарастары, армандары, мамандықтар туралы түсініктері, ата-аналарына, үлкендерге,  қоғамға деген көзқарастары қалай өзгергенін көруге болады.  

 



Қаралым: 223
Жарияланған: 24 Тамыз