100 күйдің тарихы , Қазақтың әндері

100 күйдің тарихы , "Қазақтың әндері"


 Мектептің тәрбие жүйесінде "Қазақ әндері", "100 күйдің тарихы"сияқты жобалар ерекше орын алады. Бұл жобаларға 7,8,9,11 сынып оқушылары белсене қатысады. "100 күйдің тарихы", "Қазақ әндері" жобасы аясында оқушылар мен олардың ата-аналары үшін домбыра және ән флешмобтары, байқаулар, тақырыптық музыкалық кештер мен кездесулер, жалпымектептік таңертеңгілік жиындар, мастер-кластар, фестивальдар, концерттер өткізу дәстүрлі мәдени іс-шаралар болып келеді. "Көзімнің қарасы", "Жекпе-жек", "Кісен ашқан", "Көзіңнің мөлдірін-ай", "Сегіз аяқ", "Тепең көк", "Әке толғауы", "Ерке сылқым", "Көңіл толқыны" сияқты қазақ күйлері мен әндерін зерттеу және орындау бойынша жалпы мектептік таңертеңгілік жиындар, шебер-кластар өткізу қазақ музыкалық мәдениетіне балалардың қызығушылығын тудыратынын көрсетеді.

"100 күйдің тарихы" және "Қазақтың әндері" жобалары аясында оқушылар бір нақты күйдің пайда болу тарихымен және өз аймағының бір әнімен танысады, олардың шығу тарихын толық зерттейді, тарихи материалдарды, алғашқы орындауларда қандай қиындықтар болды, шығарма қалай өзгерді және оған не әсер етуі мүмкін екенін зерттейді.

Нәтижесінде оқушылар зерттеу, коммуникация дағдыларын дамытады, өз ой-өрісін кеңейтеді. Бұл жобалар ұлттық дәстүрлерге, ұлттық музыкаға деген сүйіспеншілікті оятады, Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелейді. Бұл жобаны іске асырудың ерекшелігі - күйлердің тарихын мұғалімдер емес, ата-аналар мен белгілі күйшілер айтады.

Жобаларға қатысу оқушылардың музыкалық мәдениетін, адамның рухани мәдениетінің бір бөлігі ретінде қазақ күйлерінің тарихы туралы білімдерін қалыптастырады. Зерттелген шығармаларды оқушылардың шығармашылық ұжымдары мектеп концерттерінде, флешмобтарда, театрландырылған қойылымдарда орындайды. Үздік орындауларды дәстүрлі Арт-фестивальдар мен " Ұлы дала мұрагерлері "қорытынды желілік іс-шарасынан көруге болады. Ұлттық домбыра аспабына қосылу нәтижесі Нұр-Сұлтан қаласындағы физика-математика бағытындағы елордалық мектептің Гиннестің рекордтар кітабына ең ауқымды домбыра сабағы ретінде енгізу туралы өтініші болып табылады. 2022 жылдың 24-мамырында мыңдаған оқушылардың қатысуымен домбырада ойнаудың бірегей сабағы өтті, олар "Сарыарқа", "Балбырауын", "Еркем-ай", "Кеңес", "Жастар биі" күйлерін орындап, бүкіл әлемге елімізді және мәдениетімізді паш етіп, басты музыкалық аспаппен таныстырды.

Барлық Зияткерлік мектептерде оқу жылы домбыра сабағымен аяқталды.

Сілтеме 1 http://nis.edu.kz-digest.tilda.ws/thelargest_dombyra_lesson1

Сілтеме 2 http://nis.edu.kz-digest.tilda.ws/thelargest_dombyra_lesson2

Сілтеме 3 http://nis.edu.kz-digest.tilda.ws/thelargest_dombyra_lesson3

Сілтеме 4 http://nis.edu.kz-digest.tilda.ws/thelargest_dombyra_lesson4



Қаралым: 380
Жарияланған: 15 Тамыз