2022-2023 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарына оқушыларды конкурстық іріктеудің байқау тестілеуі

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарына оқушыларды конкурстық іріктеудің байқау тестілеуін (бұдан әрі – байқау тестілеуі) өткізетінін хабарлайды.

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде және Астана қ. Халықаралық мектепте өткізілетін байқау тестілеуі компьютерлік форматта жүргізіледі. Әр мектеп бойынша шектеулі орын саны бөлінеді. Байқау тестілеуі 7-сыныптарға конкурстық іріктеудің барлық тест бөлімін қамтиды.

Бір байқау тестілеуіне қатысу бағасы 12 000 теңгені құрайды.

 

БАЙҚАУ ТЕСТІЛЕУІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Тест бөлімі

Тапсырма саны

Берілетін уақыт

Максималды балл

1

Математика

40 тапсырма

60 минут

400

2

Сандық сипаттамалар

10 тапсырма*

5 минут

50

3

Жаратылыстану

20 тапсырма

30 минут

200

 

ҮЗІЛІС

-

10 минут

-

4

Қазақ тілі (бірінші тіл)

20 тапсырма

120 минут

200

5

Орыс тілі (екінші тіл)

20 тапсырма

200

6

Ағылшын тілі

20 тапсырма

200

Барлығы

130 тапсырма

3 сағат 45 минут

(үзіліс уақытын қоса алғанда)

1250

* Шынайы конкурстық іріктеуде «Сандық сипаттамалар» бөлімі 60 тапсырмадан тұрады. Аталған тест бөлімінің форматымен танысу мақсатында байқау тестілеуі аясында 10 тапсырма беріледі.

 

БАЙҚАУ ТЕСТІЛЕУІН ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ

2022-2023 оқу жылында барлық Назарбаев Зияткерлік мектептерінде және Астана қ. Халықаралық мектепте 1-ауысымда (таңертең) бес байқау тестілеуін өткізу жоспарланған.

Бұл ретте Астана (ФМБ, ХБ), Алматы (ФМБ, ХББ) және Ақтөбе (ФМБ) қалаларындағы 5 Зияткерлік мектептің 1-ауысымына бөлінген орын саны 100% толған жағдайда, аталған қалаларда байқау тестілеуі қосымша 2-ауысымда да (түстен кейін) өткізілетін болады.

Байқау тестілеуі өткізілетін күн

Байқау тестілеуіне рұқсат қағазын алу күні

Нәтижелерді қарау күні

Байқау тестілеуінің басталу және аяқталу уақыты

(тестілеу Астана қ. уақыты бойынша өткізіледі)

1-ауысым*

2-ауысым*

1

10 желтоқсан 2022 ж.

9 желтоқсанға дейін

15 желтоқсан

09:00 – 12:45

15:00 – 18:45

2

24 желтоқсан 2022 ж.

23 желтоқсанға дейін

30 желтоқсан

3

14 қаңтар 2023 ж.

13 қаңтарға дейін

20 қаңтар

4

28 қаңтар 2023 ж.

27 қаңтарға дейін

3 ақпан

5

11 ақпан 2023 ж.

10 ақпанға дейін

17 ақпан

*Мектепке келу уақыты байқау тестілеуінің рұқсат қағазында көрсетіледі.

БАЙҚАУ ТЕСТІЛЕУІНЕ ТІРКЕЛУ

 Байқау тестілеуіне қатысуға тіркелу және орын брондау үшін trialtest.nis.edu.kz сілтемесі арқылы онлайн тіркелу порталына өтіңіз. Әрбір байқау тестілеуіне қатысу үшін алдын ала орын брондау қажет:

1-қадам. Байқау тестілеуіне қатысушының заңды өкілі (ата-ана/қамқоршы/асырап алушы/тәрбиеші, т.б.) онлайн тіркелу порталында (trialtest.nis.edu.kz) тіркеледі.

2-қадам. Заңды өкіл өзінің жеке кабинетінде оқушының жеке мәліметтерін енгізеді.

3-қадам. Орын брондайды:

·         байқау тестілеуі өтетін күнді және орынды (мектепті) таңдайды;

·         байқау тестілеуіне қатысу шарттарымен (оферта) танысып, келіседі.

4-қадам. Байқау тестілеуіне қатысу төлемақысын төлейді (онлайн/Қазақстан Республикасының банк бөлімшелері арқылы).

5-қадам. Заңды өкіл өзінің жеке кабинетінен байқау тестілеуіне қатысу рұқсат қағазын жүктеп алады.

  

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАЛАЛАРЫ БОЙЫНША БАЙҚАУ ТЕСТІЛЕУІНЕ ОРЫН БРОНДАУ МЕРЗІМІ

 Байқау тестілеуін тапсыру үшін онлайн тіркелу порталында орын брондау төменде көрсетілген мерзімдерге сәйкес Астана қ. уақытымен сағат 10:00-де басталады. Желіге түсетін жүктемені азайту мақсатында орын брондау мерзімдері өңірлер бойынша кезең-кезеңмен ашылады: 

Тестілеуге қатысу үшін орын брондау

10 желтоқсан

24 желтоқсан

14

қаңтар

28

қаңтар

11

ақпан

Астана, Көкшетау, Қарағанды ққ. НЗМ

01 - 07.12.2022

12 - 21.12.2022

26.12.2022 - 11.01.2023

16 - 25.01.2023

30.01 - 08.02.2023

Алматы, Талдықорған ққ. НЗМ

02 - 07.12.2022

13 - 21.12.2022

27.12.2022 - 11.01.2023

17 - 25.01.2023

31.01 - 08.02.2023

қалған Зияткерлік мектептер

03 - 07.12.2022

14 - 21.12.2022

28.12.2022 - 11.01.2023

18 - 25.01.2023

01 - 08.02.2023

 

БАЙҚАУ ТЕСТІЛЕУІНЕ ҚАТЫСТЫ СҰРАҚТАР БОЙЫНША

ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРДІҢ БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНДАРЫ, МЕКЕНЖАЙЫ

 Онлайн тіркелу порталында (trialtest.nis.edu.kz) тіркеуден өту және басқа да техникалық сұрақтар бойынша мектептердің қолдау қызметіне көрсетілген телефон нөмірлері арқылы  хабарласуыңызға болады.


Байқау тестілеуі өткізілетін мектептер (құжат тапсырған мектепке қарамастан, байқау тестілеуін кез келген мектепте тапсыруға болады)

Мектептің мекенжайы

1 тестілеуге бөлінген орын саны

Мектептің байланыс телефоны

1

Астана қ. ФМБ НЗМ

Хусейн бен Талал көшесі, 21

200

8 (7172) 575789

2

Астана қ. НЗМ

Хусейн бен Талал көшесі, 19

150

8 (7172) 558033

3

Астана қ. Халықаралық мектеп

Түркістан көшесі, 32/1

100

8 (7172) 916177

4

Қарағанды қ. ХББ НЗМ

Шахтеров даңғылы, 62

175

8 (7212) 507855

5

Көкшетау қ. ФМБ НЗМ

Ж. Тлеулин көшесі, 59

150

8 (7162) 254052

8 (7162) 253140

6

Алматы қ. ФМБ НЗМ

Горный Гигант ы/а, Жамақаева көшесі, 145, Нұрлыбаев көшесінің қиылысы

200

8 (7273) 310100

7

Алматы қ. ХББ НЗМ

Қалқаман-2 ы/а, Елібаев көшесі, 2

200

8 (7273) 383300

8

Талдықорған қ. ФМБ НЗМ

Қаратал ы/а, 47

150

8 (7282) 400069

9

Ақтау қ. ХББ НЗМ

33 ы.а., 16

150

8 (7292) 701061

10

Ақтөбе қ. ФМБ НЗМ

Астана ауданы, Мәңгілік ел көшесі, 8

175

8 (7132) 411737

11

Атырау қ. ХББ НЗМ

Нұрсая ы/а, 11-көше, 22

150

8 (7122) 558551

12

Қостанай қ. ФМБ НЗМ

Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 239

120

8 (7142) 390677

13

Қызылорда қ. ХББ НЗМ

Сұлтан Бейбарыс көшесі, 6

150

8 (7242) 402375

14

Павлодар қ. ХББ НЗМ

Ткачев көшесі, 16/2

150

8 (7182) 663410,

8 (7182) 663420

15

Петропавл қ. ХББ НЗМ

Ибраев көшесі, 22 А

150

8 (7152) 559722

16

Семей қ. ФМБ НЗМ

Қарағайлы ы/а, 1

150

8 (7222) 636350

17

Тараз қ. ФМБ НЗМ

Арай массиві, Домалақ ана, 266

150

               8 (7262) 999856                         8 (775) 6437119

18

Түркістан қ. ХББ НЗМ

Ататүрік көшесі, 195

200

8 (702) 0663377

19

Орал қ. ФМБ НЗМ

Мәскеу көшесі, 16

170

8 (7112) 246512

20

Өскемен қ. ХББ НЗМ

Қ. Сатпаев даңғылы, 53

190

8 (7232) 712715

21

Шымкент қ. ФМБ НЗМ

Ақжайық ы/а, Элитный қалашығы, 6-ғимарат

200

8 (7252) 294488

22

Шымкент қ. ХББ НЗМ

Нұрсәт ы/а, 1А

200

8 (7252) 775534

Байқау тестілеуіне қатысу төлемақысы және тест мазмұнына байланысты сұрақтар бойынша «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Педагогикалық өлшеулер орталығы» филиалының байланыс телефондарына хабарласыңыз: 8 (7172) 23 52 78,  23 57 63, iшкі нөмірлер – 1313, 1319, 1315.

Байқау тестілеуінің шарттары, өткізілу тәртібі, тіркелу, төлем жасау және қатысушылардың байқау тестілеуі кезіндегі тәртіп ережесіне қатысты толық ақпарат Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарына түсу үшін байқау тестілеуін ұйымдастыру және өткізу туралы ережеде көрсетілген.