Тараз қаласында физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ашылды. 8, 9, 10 - сыныптарда оқу үшін конкурстық іріктеуден өтіп, "Өркен" білім беру грантын алған оқушылар, олардың ата-аналары, мұғалімдер, сондай-ақ облыстың ғылыми-педагогикалық жұртшылық мектептің алғашқы рет өтетін бірінші қоңырау салтанатына қатысты.