Баспасөз-релиздер

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ


 2013 жылдың 05-17 маусым аралығында Астана қаласындағы Түркістан 2/1 көшесінде орналасқан Назарбаев Зияткерлік мектебінде Кембридж Халықаралық Емтихан Кеңесінің кеңесшісімен (КХЕК) оқу семинары өткізілуде.   

"Назарбаев Зияткерлік Мектептері" ДББҰ "Педагогикалық өлшеулер орталығы" филиалы (ПӨО) КХЕК кеңесшісі және Қазақстандық сертификатталған бағалаушы эксперттер тобы көшбасшылары Әлия Мақышева және Елена Белошниченко мен бағалаушы эксперттерді даярлайтын 3-ші оқу семинарын (Семинар) өткізіп жатыр. 

Өткен мұғалімдер мен тренерлер қызметін бағалау үрдісінің негізінде семинарда бағалаушы эксперттерге арналып, редакцияланған "Тренерді бағалау үлгісі", "Бағалау туралы нұсқау", "Мұғалімдерді бағалау принциптері" атты оқу құралдары табысталады. "Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстары" жобасының (Жоба) 3 (негізгі) және 2 (орта) деңгейлері бойынша өткен бағалау мерзімдерінде дайындалған фото, бейне материалдардың және мұғалімдер мен тренерлердің портфолиолары негізінде семинарда мұғалімдерді, тренерлер мен бағалаушы эксперттерді бағалау мен сертификаттау рәсімдері меңгеріледі. Оқыту шағын топтардағы "face to face" ("бетпе бет") аудиториялық оқыту форматында болады.

Семинар аяқталғаннан кейін эксперттікке үміткерлер ПӨО-ның бағалаушы эксперттерімен бірдей Жоба аясындағы деңгейлі курстарында тренерлердің практикасын бағалауларын бастауларына құқық беретін КХЕК-нің Семинарға қатысу туралы сертификаттарымен марапатталады. Эксперттікке үміткерлер халықаралық эксперт сертификатын өз тәжірибесі КХЕК-нің сыртқы емтихан алушылары және Қазақстандық сертификатталған бағалаушы эксперттер тобы көшбасшылары бағалағаннан соң алуларына болады.

Барлық 16 эксперт мектептер мен гимназиялардың, педагогикалық университеттер мен институттардың және "Өрлеу" Ұлттық біліктілікті арттыру орталығының халықаралық білім бағдарламалары мен мекемелерімен жұмыс тәжірибесі бар сертификатталған педагогтар болып табылады.


Қаралым: 1613
Жарияланған: 15 Маусым