Баспасөз-релиздер

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ


 2013 жылдың 3-14 маусымы аралығында  «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ң «Педагогикалық өлшеулер орталығы» Филиалы 3 (негізгі) деңгей бойынша Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдерінің  Біліктілігін арттыру курстары  (бұдан әрі – Курстар) кезінде мұғалімдер мен тренерлердің қызметін бағалау рәсімі мен 2013 жылдың 16 маусымында  «Өрлеу» Ұлттық біліктілікті арттыру орталығы» Акционерлік Қоғамы мен оның Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Астана, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Орал, Өскемен, Павлодар, Петропавл, Тараз, Шымкент қалаларындағы филиалдары базасында (бұдан әрі – «Өрлеу» ҰБАО» АҚ)  Біліктілік емтиханын өткізуді жоспарлап отыр.

Аталған 3 (негізгі) деңгей бойынша мұғалімдер мен тренерлердің қызметін бағалау рәсімінің циклінда 143 тренер мен 3200-ден астам мұғалімнің іс-әрекетін бағалайтын  сертификатталған  23 эксперт қатысады. Бағалау моделі стандарты бойынша бағалау рәсіміне дейін эксперттер 2013 жылдың 3-4 маусымында «Өрлеу» ҰБАО» АҚ-ның тренерлерінің қызметін бағалау рәсімін өңдеу үшін жұмыстық кездесуге қатысады.

Мұғалімдер 3 кезеңнен тұратын оқыту Бағдарламасы бойынша оқытылады: екі аудиторлық кезең және бір қашықтықтан оқыту кезеңі – мектептегі тәжірибе.                    4 аптадан тұратын аудиториялық кезеңдер «Өрлеу» ҰБАО» АҚ филиалдарында өткізіледі. 4 аптадан тұратын қашықтықтан оқыту кезеңінде мұғалімдер алған білімдерін өз мектептерінде тәжірибеде жүзеге асырады. Қашықтықтан оқыту кезеңіндегі мұғалімдердің өз тәжірибелерінің мәселелерін  бағалаушы эксперттер қатысатын екінші аудиторлық оқыту кезеңінде ойдан өткізеді, енгізілген өзгерістердің нәтижесі бойынша презентация өткізеді және портфолиоларын тренерлеріне тапсырады. Мұндағы бағалаушы эксперттердің негізгі жұмысы тренерлерге тәлімгерлік қызметін көрсету, оқу үрдісін бағалау және мұғалімдерді бағалау, сонымен қатар Курсты бітіру кезінде мұғалімдерге Біліктілік емтиханын өткізу.    

Оқу аяқталғаннан кейін, 2013 жылдың 16 маусымында өздерінің презентациялары мен портфолиоларын жақсы тапсырған мұғалімдер Бағдарламаның негізгі идеялары мен модульдерін қамтитын соңғы Біліктілік емтиханын тапсырулары керек. Емтихан кезінде  бағалаушы эксперттер тәуелсіз және сыртқы бақылаушылар ретінде жұмыс істейді. Емтихан материалдары DHL халықаралық пошталық қызметімен емтихан тапсырылатын жерге емтихан басталардың алдында  жеткізіледі. Мұғалімдердің жауаптары бар жауап парақшалары Емтихан аяқталғаннан кейін DHL өкілдеріне емтихан материалдарын тексеру орталығына жеткізу үшін тапсырылады.

Барлық бағалау кезеңдерінен (презентацилар, портфолио, Емтихан) жақсы өткен мұғалімдер  3 (негізгі) деңгей бойынша мұғалім сертификатын алады, ол олардың жалақыларына 30%  үстеме қосылуларына мүмкіндік береді. 

 


Қаралым: 1730
Жарияланған: 06 Маусым