Баспасөз-релиздер

БАСПАСӨЗ МӘЛІМДЕМЕСІ


 2011 жылғы 5-6 желтоқсанда сағат 10.00  «Көрме» орталығында «Мұғалімнің кәсіби дамуы: дәстүрлері мен өзгерістері» атты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Іс шараға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов, дербес білім беру ұйымының Басқарма төрайымы Күләш Шәмшідинова (Қазақстан), Кембридж университетінің білім факультетінің орынбасары, PhD докторы Коллин Маклауфлин (Ұлыбритания), Пенсильвания университетінің Жоғарғы білім мектебінің аға ғылыми қызметкері, Ed.D. докторы Майкл Йоханек (АҚШ) және тағы басқалар қатысады.

Шараның ұйымдастырушысы – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы. Конференцияның мақсаты озық халықаралық тәжірибеге сәйкес қазақстандық мұғалімдердің біліктілігін арттыру жүйесін дамыту мәселелерін талқылау; Педагогикалық шеберлік орталығы қызметінің басымдықтарын айқындау және Назарбаев Зияткерлік мектептері тәжірибесін тарату болып табылады.

Конференция жұмысы мынадай бағыттарда ұйымдастырылатын болады:

  1. Мұғалімнің кәсіби дамуының болашағы.
  2. Табысты мұғалім – қоғамның әлеуметтік тапсырысы.
  3. Ақпараттық технологиялардың мұғалімдердің кәсіби дамуындағы маңызы.

Шараның бағдарламасы секциялық және пленарлық отырыстарды өткізуді көздейді. Оларда қазақстандық ғалымдар және практиктермен қатар Ресей, Ұлыбритания, АҚШ, Нидерланды, Канада, Жапония елдерінің педагог қауымдары өкілдерінің баяндамалары тыңдалады. Алқалы жиында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің педагогтары шеберлік сыныптарын өткізеді.

Іс-шара аясында «Мұғалімнің кәсіби дамуы: әріптестік аумағы» көрмесі жоспарланған. Көрмеге қатысушылардың ішінде:

  • Кембридж университеті (Ұлыбритания),
  • Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын Республикалық институты (Қазақстан),
  • Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті (Қазақстан),
  • Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты (Қазақстан),
  • Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті (Қазақстан),
  • Халықаралық компаниялар: Microsoft, Intel, Edusoft.

Сонымен бірге білім және ғылым туралы  жазатын  басылымдардың редакциялары қатысады.  Көрменің ашылуы сағат  09.00

Конференция аясында қазақстандық педагогтардың біліктілігін арттыру саласындағы жаңа сапалық құрылым – Педагогикалық шеберлік орталығының таныстырылымы өтпек. Шара соңында Конференция қатысушыларының ұсынымдары қалыптастырылып, қабылданатын болады.

Қосымша ақпаратты ұйымдастыру комитетінде 8 (7172) 578 184 телефоны бойынша алуға болады, 8 701 535 19 04 Гулнар Жунусова

Аккредитация бойынша «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының баспасөз-қызметінің телефондары  8 (7172) 705 805, 8 701 390 96 88  Әйгерім Қали 


Қаралым: 1598
Жарияланған: 12 Сәуір