Баспасөз-релиздер

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ


Бұқаралық ақпарат құралдарына арналған баспасөз конференциясының өткізілетіндігі туралы

2013 жылдың 3 сәуірінде сағат 11.00-де Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде (сол жақ жағалау, Туркестан көшесі, 2/1) бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған «Назарбаев Зяиткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы топ-менеджментінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Баспасөз кездесуі аясында көтерілетін негізгі тақырыптар: Назарбаев Зияткерлік мектептеріне оқушыларды конкурстық іріктеудің жаңа мүмкіндіктері,  кәсіби кадрларды таңдау, Педагогикалық шеберлік орталығы базасында мұғалімдердің біліктілігін көтеру, мектептердегі бағалау жүйесі, үш тұғырлы тіл саясатын енгізу, тәрбие жұмысының жаңа бағыттары, Назарбаев Зияткерлік мектептердің құрылысы және ашылу географиясы болып табылады. БАҚ өкілдері анық және өзекті ақпаратты дербес білім беру ұйымының басшылығынан алады.

Кездесудің 2009 жылы Елбасының қатысуымен ашылған Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы алғашқы Зияткерлік мектепте өтуінің өзіндік мәні бар. Журналистер аталған кездесу барысында Зияткерлік мектепте қолданылатын жаңа әдістемелер мен технологияларды өз көзімен көре алады.     

2012 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Зияткерлік мектептердің бастауыш, негізгі және жоғары мектептеріне арналған Кіріктірілген білім беру бағдарламаларын енгізу бойынша қомақты жұмыстар атқарды. Аталған жоба стратегиялық әріптес Кембридж университетінің Халықаралық Емтихан Кеңесімен бірлесіп, жүзеге асырылуда. 2012 жылы оқушылардың функционалды сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған барлық пәндер бойынша 60 оқу жоспары және 40 кіріктірілген білім беру бағдарламаларын енгізу жұмыстары басталды. 2013 жылы кіріктірілген бағдарламаларды жетілдіру және 90-нан аса жаңа оқу жоспарларын әзірлеу жоспарланып отыр.

Атап өтер басты жайт, бастауыш мектепте жаңа пәндер енгізілген, ал негізгі мектепте «Физика» және «Химия» пәндерін меңгеру 6-шы сыныпта басталады, сондай-ақ жоғары мектепте игерілетін пәндердің саны азайып, нақты жоғары оқу орындарына түсуге бағыттайтын дайындықтар жүргізіледі.

Зияткерлік мектепте үш тілді меңгерудің тәсілі (қазақ, орыс, ағылшын) өзгертілді, яғни тілді меңгерудің грамматика-аударма әдісінен сөздік қызметтің төрт түрін дамыту (айтылым, тыңдалым, оқылым және жазылым) қолға алынды. Бағдарламаның тағы бір ерекшелігі ретінде тілдік және тілдік емес пәндердің пән аралық интеграциясын атап өтуге болады.

2012 жылы Астана қаласындағы Зияткерлік мектеп Халықаралық Бакалавриат (IB DP) дипломдық бағдарламасын авторизациялауға дайындық жұмыстарын жүргізуді жалғасытруда. Бүгінгі таңда аталған мектеп кандидат мәртебесіне ие.

Халықаралық Бакалавриат Дипломдық Бағдарламасы жоғары сыныптар үшін университет алды курсы болып табылады. Бағдарлама негізі қазақстандық мектептер үшін қайталанбас әлеуметтік және шығармашылық қызметтердің бағдарламасы және таным теориясы курсынан тұрады. Астана қаласындағы Зияткерлік мектеп мұғалімдері қазақ тілі және әдебиеті, Қазақстан тарихы, Дүниежүзі тарихы, Қазіргі әлемдегі Қазақстан, Алгебра, Геометрия, Биология, Химия, Физика және басқа да қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқу бағдарламаларын әзірледі.

Сонымен қатар 2012 жылы Назарбаев Зияткерлік мектептерінде үштілді білім берудің саясаты әзірленді. Бұл үш тілді білімді жүзеге асыруда мүдделі тараптың  құндылықтар, педагогикалық қағидалар, мақсаттар, тілдердің рөлін анықтайтын негізгі  құжаты болып табылады. 2013 жылы CLIL тәсілдерін пайдалану бойынша мұғалімдерге арналған нұсқаулық (бағдарлама мазмұнына тілдің кіріктірілуі), командалық оқыту және тілдік ортаға енгізу негізінде үш тілді білім берудің жоспары әзірленді.

Тәрбие жұмысының негізгі бағттары аясында мектептерде 61 «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығы құрылды, «Туған елге тағзым» іс-әрекеттегі зерттеу форматында қлкетанулық экспедициялары өткізіледі.  «КӘСІПКЕР» және «ОҚИҒА ОРНЫНАН РЕПОРТАЖ» зияткерлік ойындардан тұратын «Отантану» жобасы табысты жүзеге асырылуда, сондай-ақ, «Әділетті мектеп», «Мен - Қазақстанның бөлшегімін», «Мен Зияткерлік мектеп оқушысымын» желілік форумдары және  «Bookcrossing» әлеуметтік акциялары өткізіліп тұрады.  

2012 жылы Павлодар, Шымкент, Қызылорда, Тараз, Атырау, Қарағанды және Ақтөбе қалаларында жаңадан ашылатын мектептер үшін мұғалімдердің конкурстық іріктеуі өткізілді. Оған 1977 адам қатысты.  2013 жылдың наурызындағы мәліметтер бойынша Зияткерлік мектептерде 967 мұғалім және Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Жаңа Зеландия секілді 13 мемлекеттен келген 165 шетелдік педагогтар жұмыс жасайды.

2012 жылы Назарбаев Университетімен бірлескен «Жаңа ашылатын және қолданыстағы мектептері үшін мұғалімдердің біліктілігін арттырудың жылдық курсы» жобасы UСL (University College London) бірлесіп әзірленген бағдарлама бойынша 100 жас педагогты даярлауға мүмкіндік берді.

2013 жылдың 1 наурызындағы мәліметтер бойынша Назарбаев Зияткерлік мектептерінде 6591 оқушы білім алуда.  Зияткерлік мектептерге қабылданатын оқушылардың конкурстық іріктеу жүйесі жетілдірілді, ол өз кезегінде пәндік білім және оқушының жаратылыстану-математикалық ғылымдарды меңгерудегі психометрикалық мүмкіндіктерін бағалауға бағытталған. Осы орайда Американың Джонс Хопкинс, Педагогикалық өлшемдер институты (Cito), Нидерланды және  Дарынды жастар орталығымен (CTY) стратегиялық әріктестік орнатылған. Баланың жаратылыстану-математика ғылымдарын меңгеру бойынша қабілетін анықтауға, сондай-ақ іріктеуге арналған виртуалды және каникулярлы мектептер жұмыс жасайды.

2011-2012 оқу жылында физика-математика бағытындағы мектептердің 7-ші сыныптарында және химия-биология мектептерінің 8-ші сыныптарында критериалды бағалау жүйесі эксперимент ретінде жүргізілді.

2012 жылғы 1 қыркүйектен бастап 6 Зияткерлік мектепте критериалды бағалау жүйесін енгізу басталды, олар: Астана, Талдықорған, Көкшетеу, Семей, Өскемен қалаларында мектептер болып табылады.

2011-2012 оқу жылының қорытындысы бойынша Зияткерлік мектептердің 1072 оқушысы «FIDJIP-EUROTALENT CONCORDE» ғылыми жобалар конкурсы,  Математика бойынша VIII-ші халықаралық пәндік олимпиадасы,  «Эрудит» ІХ-ші халықаралық олимпиадасы секілді халықаралық (Франция, Ресей, Швейцария), республикалық олимпиадалардың, ғылыми жобалар мен конкурстардың жүлдегерлері атанған.

Зияткерлік мектептердің 11-сынып түлектері SAT-1, SAT-2, SET, IELTS, TOEFL, BCEPT халықаралық емтихандарына қатысып, әлемнің түкпір-түкпіріндегі жастармен бәсекелесу мүмкіндік беретін ең жоғары рейтингге ие болды.

2012 жылы ДББҰ тәжірибесін таратуға арналған пәндер бойынша онлайн сабақтар,  онлайн семинарлар,  шеберлік сыныптары,  халықаралық конференциялар,  Web-материалдар  nis.edu.kz  сайтында «Мұғалімдерге» деп аталатын бөлімге жүктелген, падгогикалық шеберлік орталықтары және желілік педагогикалық қауымдастықтар жұмыс жасайды.

Бүгінгі таңда Қазақстанда  Астана (2), Шымкент (2), Көкшетау, Семей, Өскемен, Талдықорған, Қарағанды, Ақтөбе және Орал қалаларында физика-математикалық және химия-биологиялық бағыттарындағы 11 Назарбаев Зияткерлік мектептері жұмыс жасайды.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Баспасөз хатшысы Айгерім Қали  8 (7172) 705 805,  8 701 390 96 88 (kali_a@nis.edu.kz).

Білім беру саласын басқарудың заманауи формаларын енгізу, академиялық еркіндік және дербестікті дамытуға қажетті инновациялық білім беру бағдарламалары мен ғылыми жобаларды жүзеге асыруға байланысты 2011 жылғы 19 қаңтарда «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» Қазақстан  Республикасының Заңы қабылданды.   Осы Заңды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 маусымындағы № 647 қаулысымен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» акционерлік қоғамы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы болып қайта құрылды.

Миссиясы: Зияткерлік ұлт әлеуетін дамытуға ықпал ету.

Бағдары: жаратылыстану-математикалық оқытудың классикалық дәстүрлері мен әлемдік педагогикалық тәжірибедегі заманауи жетістіктерді біріктіретін білім берудің иновациялық көптілді моделі. Аталған модель өзін-өзі дамытуға және шығармашылыққа бағытталған білімді, адамгершілігі жоғары, сыни ойлайтын, физикалық және рухани дамыған азамат қалыптастыратын патриоттық тәрбие, білім және дағдыларды дамытуды ұсынады.   


Қаралым: 2594
Жарияланған: 09 Сәуір