Баспасөз-релиздер

БАСПАСӨЗ МӘЛІМДЕМЕСІ


Ақтөбе қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ашылуы туралы

 2013 жылдың 25 ақпанында сағат 11.00-де Батыс-2 шағын ауданы мекен жайы бойынша Ақтөбе қаласында физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі өз есігін айқара ашады. Бұл - Мемлекет басшысының бастамасымен ашылғалы отырған республикамыздағы оныншы Зияткерлік мектеп. Білім беру нысанының ашылу салтанатына Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов,  «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Басқарма Төрайымы Күләш Шәмшидинова және Ақтөбе қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Сәуле Өмірбекова қатысып, мектептің оқушылары мен олардың ата-аналары алдында құттықтау сөз сөйлейді деп күтілуде.

Аға толқын мектептің болашақ оқушыларына сарқылмас білімнің белгісі іспеттес мектептің символдық кілтін табыс етеді. Мектептің ашылу салтанатында оқушылардың ата-аналары да өз тілектерімен бөлісіп, жас толқын ойларын ортаға салады. Шараға жиналған қауым оқушыларды Зияткерлік мектеп шәкірттері қатарына қабылдау рәсімінің куәгері болады. Оқушыларға мәңгілік жастық пен шығармашылық шабыттың нышаны - жас ағаш бұтағы түріндегі төсбелгі табыс етіледі.

Ақтөбе қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі - 720 адамға арналған, 120 жатын орындық нысан. Жаңа мектеп Батыс-2 шағын ауданында орналасқан. Мектеп ғимаратында 59 кабинет, зертханалар мен педагогикалық және ақпараттық технологияларды интеграциялау орталығы, жеке сабақ беру және психологиялық бейімдеу кабинеттері, 360 орындық асхана, екі спорт және акт залы, қысқы бақ орналасқан. Мектептегі жаңа құрылғылар, био және нанотехнологиялық зертханалар, 159-дан астам компьютер мен 660 ноутбук, 60 интерактивті тақта -  бәрі оқушылар игілігі үшін беріледі. Мектеп аумағында 5400 шаршы метрлік футбол алаңы, теннис және хоккей корты, волейбол және баскетбол алаңы бар заманауи спорт кешені орналасқан.

Ақтөбе қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі мұғалімдерінің бос орындар лауазымына үш рет конкурстық іріктеу ұйымдастырылды (2012 ж. 28, 29 наурыз, 19, 20 қараша және 2013 ж. 23, 24 қаңтар айларында). Оған Ақтөбе қаласымен қатар, Хромтау, Қандыағаш пен Шалқар қалаларынан 376 үміткер қатысты. Негізгі және қосымша іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша, конкурстық комиссия 97 мұғалім Зияткерлік мектепте жұмыс істеуге лайық деп ұсынды. Оның ішінде 63 пән мұғалімі, сонымен қатар 2011-2012 жылдары Назарбаев Университеті базасында оқудан өткен 100 мұғалімнің қатарындағы ағылшын тілі пәнінің 10 маманы (PDP) бар. Сонымен қатар, ұсынылған мұғалімдер қатарындағы 20 педагогтың Кембридж универсиетінде үш айлық деңгейлік бағдарлама арқылы біліктілігін арттыру курсынан өткенін атап өту керек.

Сонымен қатар 2012 жылдың 14-21 қазан аралығында қазақ және орыс тілінде білім алатын 7, 8, 9 сынып оқушылары арасында іріктеу конкурсы өткізілді. Конкурсқа қатысу үшін 2382 өтініш қабылданды. Іріктеудің екі кезеңінің қорытындысы және Республикалық комиссия отырысы шешімімен 574 үміткер «Өркен» грантының иегері атанды.

Бүгінде Қазақстанның 8 қаласында – Астана (2 мектеп), Талдықорған, Көкшетау, Семей, Өскемен, Орал, Қарағанды, Шымкентте жалпы саны 9 Зияткерлік мектеп жұмыс істейді. Сонымен қатар Алматы (2), Петропавл, Павлодар, Атырау, Шымкент, Қызылорда, Тараз, Ақтау қалаларында мектептердің құрылысы жалғасуда.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Баспасөз қызметі 8 (7172) 705 805, 8 701 390 96 Айгерім Қали (kali_a@nis.edu.kz).

                Қазіргігі заманға сай білім саласына  басқару формаларын енгізу үшін, жалпы білім инновациялық бағдарламаларды және ғылыми жобаларды жүзеге асыру үшін қажет академикалық пен автоном еркіндігі дамуы үшін 2011 жылы қаңтардың 19 «Статус туралы «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Фонд» туралы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.  Заңды өз күшіне енгізу үшін Қазақстан Республикасының Үкімет қаулымен 2011 жылы маусымның 9-нда №647 акционерлік қоғам «Назарбаев Зияткерлік мектептері» қайта автономдык білім ұымына құрылған.

 Миссиясы: ұлттың интелектуалды әлуетін дамуына қол беру.

Көрінісі: Инновациондық политілдік білім моделі, ішіндегі табиғи-математика оқытудың және әлемдікпедагогикалық практикасының  қазіргі жетістіктердің классикалық дәстүрлерімен бірге. Модель отаншылдықты, дамуғы және шығармашылыққа ұмтылған, рухани мен дене жағынан дамыған білімді, жоғары адамдық азаматшаның тәрбиелеуіне мақсатталған.


Қаралым: 2975
Жарияланған: 09 Сәуір