2015 жылы 11 тамыз күні сағат 09.30-да Алматы қаласында химия-биология бағытында оқытатын Назарбаев Зияткерлік мектебінің ашылу салтанаты өткізіледі. Салтанатты шараға Алматы қаласы Әкімі Б.Қ. Байбек және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдары басқармасының төрайымы К.Н. Шамшитдинова қатысады. Сондай-ақ, шақырылған қонақтар арасында белгілі ғалымдар, саясат және қоғам қайраткерлері, педагогтер, оқушылар мен ата-аналар қоғамы мүшелері де бар.