Жаңалықтар

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде республикалық пәндік олимпиада жалауын көтерді

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы Зияткерлік мектепте, Алматы қаласы химия-биология бағытындағы және Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінде республикалық (желілік) пәндік олимпиаданың ресми ашылу салтанаты өтті.
05 Қаңтар

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы Күләш Шамшидинова ұшақ апатында қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтты

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шамшидинова «Бек Эйр» авиакомпаниясының ұшақ апатында қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтты.
27 Желтоқсан

Педагогикалық колледждердің жаңа стратегиясы жобасы қорытындыланды

Тура төрт ай бұрын Батыс Қазақстан облысында педагогикалық колледждердің жаңа стратегиясының республикадағы алғашқы жобаны жүзеге асыру басталды. Бүгін Оралда «Бастауыш білім» мамандығы бойынша эксперименталды бағдарламаны енгізудің NIS және Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж арасындағы бірлескен жобасы қорытындыланды.
26 Желтоқсан

Алматыда волейбол мен баскетболдан ІІ желілік спартакиада жеңімпаздары анықталды

Алматыда волейбол мен баскетболдан Назарбаев Зияткерлік мектептері арасындағы желілік спартакиада өз мәресіне жетті. Ақтық мәреге спорттық жарыстың аймақтық кезеңінде топ жарған мектеп командалары қатысты.
26 Желтоқсан

Ақтөбе NIS түлегі мектебіне жасанды интелектті оқыту үшін микросхемалар сыйға тартты

Ақтөбедегі Назарбаев Зияткерлік мектебінің 2016 жылғы түлегі Нияз Төлеуов мектебіне жасанды интеллектті зерттеу үшін жаңа тақталар сыйлады. Робототехника клубының жетекшісі микросхемалардың электр қуатын аз тұтынуы, шағын көлемі мен сапасы оқу процесін тездетуге ықпал етеді дейді. Осы тақталардың көмегімен алуан түрлі жобаларды жасауға болады – қарапайым сандық көмекшілерден бастап жасанды интеллектке ие толыққанды роботтарға дейін.
25 Желтоқсан