Назарбаев Зияткерлік мектептерін дамыту департаменті директорының орынбасары Аида Ағаділ Республикалық кеңесте ақпараттық мәдениетті қалыптастыру, зерттеу дағдылары мен оқу сауаттылығын дамыту бойынша NIS-тің табысты жобаларын таныстырды.
Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі – 2021 жылғы желілік олимпиадада NIS-тің абсолютті чемпионы атанды. Жас білімпаздар екі мәрте жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы «Үздік олимпиадалық команда» атағына лайық деп танылды.
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 700-ден астам оқушысы 2021 жылдың жеке және командалық есептегі жетістіктері анықталатын NIS желілік олимпидасының ресми жабылуын асыға күтуде.