Жаңалықтар

Мүмкіндігі шектеулі балаларға қолдау көрсетілуде!

Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқушылар және ата-аналар үшін «Алдар Көсе» мюзиклінің қайырымдылық қойылымы ұйымдастырылды. Билеттер сатудан түсетін қаражатты мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау қорына жіберіледі.
17 Қаңтар

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде 7 сынып оқушыларын іріктеуге конкурс жарияланады

Астана, Семей, Көкшетау, Талдықорған, Орал, Ақтөбе, Шымкент, Тараз, Өскемен, Қарағанды, Атырау, Қызылорда, Павлодар, Шымкент қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінде «Өркен» білім беру гранты негізінде 2014 - 2015 оқу жылында қазақ және орыс тілдерінде білім алатын 7 сынып оқушыларын іріктеуге конкурс жарияланады
13 Қаңтар

Шымкент қаласында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары арасында өнердің 5 бағыты бойынша І желілік Арт-фестиваль аяқталды

Арт-фестиваль Қазақстанның түкпір-түкпірінен 15 Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 600-ден астам оқушысын және 100-ден астам мұғалімін біріктірді
27 Желтоқсан

Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7 сыныбына үміткерлерді іріктеу конкурсының нәтижелері белгілі болды

Конкурс нәтижелері бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану арқылы оқушылардың жауаптарын статистикалық өңдеу әдісімен алынды. Аталған әдіс барлық халықаралық зерттеулерде қолданылады және тестілеудің нәтижелерін объективті және әділ бағалауды қамтамасыз етеді.
24 Желтоқсан

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде білім алу үшін резервтік тізімде тұрған 326 үміткер "Өркен" білім беру грантының иегері атанды

2013 жылғы 19 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия отырысы өткізілді.
24 Желтоқсан