Жаңалықтар

«Қазақ тілін оқытудағы инновациялық бастамалар: Назарбаев Зияткерлік мектептері тәжірибесі» республикалық форумы.

2013 жылдың 5 қазанында Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде еліміздің қазақ тілі пәнінің мұғалімдерінің қатысуымен «Қазақ тілін оқытудағы инновациялық бастамалар: Назарбаев Зияткерлік мектептері тәжірибесі» атты республикалық форум өтті. Шараны ұйымдастырушы – Білім беру бағдарламалары орталығы.
07 Қазан

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің мұғалімдер ұжымын кәсіби мерекелері - Мұғалімдер күнімен құттықтаймыз!

Құрметті ұстаздар! Сіздер - жастардың болашағын айқындайсыздар, бүгін еккен дәндеріңіз ертеңгі жеңісті - жемісті күннің кепілі.
04 Қазан

Kәсіби мереке Мұғалімдер күні қарсаңында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің мұғалімдері әріптестерін құттықтайды!

"Жүсіпбек Аймауытұлы айтқандай, үш тілді еркін меңгерген, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыруды мақсат еткен бұл білім ордасы шет елден мұғалімдер алдырып, нұр үстіне нұр қосты", - Атагелдиева Ботагөз, Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
03 Қазан

Kәсіби мереке Мұғалімдер күні қарсаңында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің мұғалімдері әріптестерін құттықтайды!

"Ұстаздық жол – мен үшін өмірімнің мәні, қайрат-жігерімнің, қабілетімнің бастауы. Әр таңдағы әрбір игілікті еңбек қадамым, ұстаздық шығармашылық ізденістерім, шәкірттеріммен бірлесе атқарған жемісті істерім мені алдағы уақытта мақсатты істерге жетелейді", - Темиров Нұрболат Рысбекұлы, Павлодар қаласындағы химия – биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің тарих пәні мұғалімі.
03 Қазан

Kәсіби мереке Мұғалімдер күні қарсаңында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің мұғалімдері әріптестерін құттықтайды!

"Шығармашылық жолында жалындап жана беріңіздер. Назарбаев Зияткерлік мектептері тек ғана еліміздің білім көшін бастаушы емес, халықаралық деңгейде беделді, белсенді оқу орындарының бірі болуы үшін ынтымақтастық педагогикасы негізінде білім берудің шыңына жетуге жаңа жетістіктер мен жеңістер тілеймін", - Тұрарбеков Дулат Мұратбекұлы, Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің тарих пәнінің мұғалімі.
03 Қазан