Жаңалықтар

Қазақстандық олимпиадашыларды қолдау акциясы

25 қаңтар күні Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқытушылары мен 120 оқушысы «БІРГЕ! ЖЕҢІСКЕ!» атты қазақстандық олимпиадашыларды қолдау акциясына қатысты. Сочи қаласында өтетін XXII Қысқы Олимпиадалық ойындарға қатысатын еліміздің құрама ко мандасына қолдау көрсету үшін жиналған жас спортшы-жанкүйерлер қаңтардың қытымыр аязынан қорыққан жоқ.
29 Қаңтар

Халық Қаһарманымен кездесу!

Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 25 жыл толуына орай Халық Қаһарманы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің генерал-лейтенанты, Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаты Ертаев Бақытжан Ертайұлы Көкшетау қаласындағы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларымен кездесті
28 Қаңтар

Математика апталығы

Павлодар қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2013 жылдың үшінші тоқсанының алғашқы аптасында ғылымдардың атасы саналатын Математика пәніне арналды.
24 Қаңтар

Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде "Ашық есік күні" ұйымдастырылады

Бұл іс-шара мектептің тарихы мен жұмыс ерекшеліктері туралы және мектеп бітірушілерінің болашақтағы білім жетілдіру жолындағы мүмкіндіктері жайлы ақпарат беру мақсатында өткізіледі
24 Қаңтар

Жас зияткерлер Америка Химия Қоғамының конференциясына қатысады

2014 жылдың 16 - 20 наурыз аралығында Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Әбуталиф Ақылбеков және Елена Кошман Даллас қаласында өтетін Америка Химия Қоғамының 247 конференциясына қатысады
23 Қаңтар