Жаңалықтар

АҚШ елшілігі ақтөбелік мектеп оқушыларының экологиялық жобасын қолдады

Ақтөбе қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушылары Ләззат Данаева мен Ержан Өмірзақов FLEX студенттер алмасу бағдарламасының түлектеріне арналған CAFAW грантына өтініш берді. Іріктеу комитеті Орталық Азиядағы 90 қатысушының арасынан Зияткерлердің жобасын қаржыландыруды ұсынды. Балалар АҚШ консулдығынан сұралған 200 доллардан астам ақшаны алады.
24 Қырқүйек

Swiss Education Group Назарбаев Зияткерлік мектептері түлегінің 12-сынып Cертификатын мойындады

Swiss Education Group Назарбаев Зияткерлік мектептері түлегінің 12-сынып Cертификатын мойындады. Бұл келісімге Швейцария Монтре қаласында орналасқан Swiss Education Group бас кеңсесінде өткен қазақстандық және швейцариялық тараптар арасындағы келіссөздер барысында қол жеткізілді.
24 Қырқүйек

Педагогикалық өлшеулер орталығының Атыраудағы десанты

Атыраудағы Зияткерлік мектепте Педагогикалық өлшеулер орталығының әдістемелік десанты аяқталды. Семинар жаратылыстану-математика және гуманитарлық цикл мұғалімдері үшін 10-12 сыныптарда сыртқы жиынтық бағалау дайындығына арналды.
24 Қырқүйек

Зияткерлік мектептердің үш бірдей мұғалімі «Жыл мұғалімі» атағына ие болды

Сүйінші! Назарбаев Зияткерлік мектептерінің үш бірдей өкілі республикалық «Жыл мұғалімі» конкурсының жеңімпаздары болып мойындалды.
21 Қырқүйек

PolyU жұлдызы – НЗМ түлегі

Шымкент қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі Мураджан Мухитдинов 500 мың теңге көлемінде талантын дамытуға арналған грант ұтып алды. Бұл – үлкен жетістік. Мұндай гранттар тек спорт пен өнер саласында жоғары нәтижеге қолжеткізген студенттерге ғана беріледі.
20 Қырқүйек