Жаңалықтар

NIS-тың WALS 2019-тағы жетістігі

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің отыздан астам өкілі Амстердамда (Нидерланд) өткен қыркүйектік WALS конференциясының мінберінде сөйледі. Бүкіләлемдік зерттеу сабақтары ассоциасының (WALS) дәстүрлі конференциясының биылғы саны «оқыту мен оқуға арналған тұрақты педагогика құру» тақырыбына арналды. WALS 2019-дың биылғы ұйымдастырушылары – Нидерландтың мектеп мұғалімдерін дайындайтын жетекші үш оқу ордасы саналатын Амстердам, Гронинген және Утрехт университеттері.
11 Қырқүйек

«Күн энергиясы» Ақтаудағы мектепке жетті

Бүгін Каспий жағалауында орналасқан Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Мектептерге күн энергиясы» жобасының екінші кезеңі жүзеге асты. Білім ордасында күн станциялары іске қосылды.
06 Қырқүйек

Педагогикалық шеберлік орталығының Нью-Йорктен қанжығалаған алтыны

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының бағдарламаларды жүзеге асыру сапасы басқармасының кітабы мониторингтік зерттеулер негізінде алтын медальға лайық деп танылып, BookExpo America 2019 халықаралық беделге ие көрменің сертификатына ие болды.
06 Қырқүйек

Шымкенттік оқушы әлемде баламасы жоқ құбыр тазалайтын роботты патенттеп алды

ҚазАқпарат - Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Қуаныш Мәден өзі жасаған «Құбыр тазалаушы робот» жобасын патенттеп алды. Бұл - оның 2 жылдық еңбегі, деп хабарлайды ҚазАқпарат мектептің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
06 Қырқүйек

Зияткерлік мектептер мамандыққа бастама береді

Жаңа оқу жылы Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж студенттері үшін жағымды жаңалықпен басталды. Олар колледждің «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымымен бірлескен пилоттық жобасына қосылды. Республикадағы педагогикалық колледждердің жаңа стратегиясы бойынша алғашқы жоба «Бастауыш білім беру» мамандағы бойынша эксперименталды бағдарламаны енгізуге бағытталған.
05 Қырқүйек